Club

Management

Azamat Kabdylkarimov
Deputy General Director
Date of birth: 29.04.1985 (40) Place of birth: Tselinograd (Astana), Kazakhstan E-mail: a.kabdylkarimov@pbcastana.kz Sports title: MS
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Азамат Қабдылкәрімов «Астана» кәсіби баскетбол клубы бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Азамат Қабдылкәрімұлының баскетболдағы мансабы 2007 жылы «Тигры Астана» командасы басшысы қызметінен басталды. Одан соң ол Маңғыстау облысы баскетбол федерациясы және «Каспий» БК директоры орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бастап ол «Astana Tigers» клубының директоры болды. Оның қол астында клубтың ерлер командасы еліміздің Жоғарғы лигасында екі рет, ал әйелдер ұжымы төрт мәрте чемпионат жеңімпазы атанды.

2023 жылдан бері «SANA sport» Отбасылық спорт орталығының спорттық директоры болды.

Сонымен қатар, ол Қазақстан әйелдер құрамасының менеджері болып, ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының бұқаралық баскетбол департментінің жетекшісі қызметін атқарды (2017-2023). 2021-2024 жылдар аралығында ол «Дай мяч» мектеп баскетбол лигасын басқарды.

Қазіргі уақытта Азамат Қабдылкәрімов Астана қаласы баскетбол федерациясы бас хатшысы, сонымен қатар ол бірнеше жобаның басшысы: ABL Әуесқой баскетбол лигасы, MBL Жастар баскетбол лигасы, Astana open және Jr. NBA Kazakhstan U14 лигалары.

Азамат Қабдылкәрімов – баскетбол Қазақстан Республикасы спорт шебері, «Тигры Астаны» клубының экс-ойыншысы (2001-2007), еліміздің үш дүркін чемпионы. 2018-2020 жылдары 3х3 баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. 2019 жылы оның жетекшілігімен ұлттық құрама Қытайда өткен Азия Кубогының күміс медаліне қол жеткізді.