«Астананың» Медиа күні – ол қалай өтті

30.09.2019, 20:00    Оқылғаны: 331
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында жаңа баскетбол маусымы қарсаңында біздің команданы және қолдау көрсетуге келгендердің бәрін жігерлендіріп, қуат беретін дәстүрлі шара өтті. Яғни «Астана» Президенттік баскетбол клубы өзінің Медиа күнін өткізді.

Егер сіздер бұл шараны тікелей эфирден көре алмай қалсаңыздар, біз сіздердің назарларыңызға сары-көкшіл жейделілердің маусым алдындағы фото-сессиясының ең қызықты сәттері жинақталған бейнетоптаманы ұсынамыз. Жүз рет естігенше, бір рет көріп, тамашалап шығыңыздар.
 

Медиа күн шарасының толық бейнежазбасы біздің YouTube арнамызда жарияланған. Жаңа бейнежазбалар мен тікелей трансляцияларды өткізіп алмас үшін, бізге жазылуды ұмытпаңыздар.
Естеріңізге сала кетейік, фанаттар мен жанкүйерлер сүйікті командамызбен кездесу үшін 3 қазан күні клубтың жаңа маусым қарсаңындағы Тұсаукесер рәсіміне қатыса алады. Ал маусымдық абонементтерге тапсырыс берген жанкүйерлерге Тұсаукесер рәсімі барысында тосын сый-құрмет көрсетіледі.
 
Ал әзірше «Астана» 2019/2020 маусымы қарсаңында қандай өзгерістерге ұшырап, қалай дайындалып жатқанымен таныс болыңыздар. Сонымен қатар, команданың бас бапкері Эмиль Райковичтің маусым басында клубтың баспасөз қызметіне берген эксклюзивті сұхбатындағы маңызды жауаптарын оқи аласыздар.
ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты биыл 25 қыркүйекте басталды. «Астана» биылғы маусымдағы бірінші ойынын 6 қазан күні, түзде өткізіп, Қазанның УНИКС клубымен додаға түседі. Ал үйдегі алғашқы матчын 12 қазанда өткізеді. Елордаға қонаққа Краснодардың «Локомотив-Кубань» клубы келеді. Ұлттық лига аясындағы елішілік доп додасын 15 және 16 қазан күндері бастап, Ақтауда жергілікті «Каспий» командасымен кездеседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»