2019/20 маусымына абонементтер сату басталды

04.09.2019, 08:00    Оқылғаны: 854
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
 «Астана» Президенттік баскетбол клубы 2019/20 жылдар маусымына абонементтер сатыла бастағанын жариялайды.

Алда – жаңа маусым және жаңа баскетбол додалары, яғни, астана командасының барлық жанкүйерлері үшін маусымдық абонементтер сатып алуды ойлайтын кез де келіп жетті. Абонемент иесі болсаңыз, сіз билет сатып алу үшін кезекке тұрып, әр ойынға жеке билет алуды ойламайсыз. Сонымен қатар, «Астананың» ВТБ Бірңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясында өтетін өз алаңымыздағы ойындарда кепілді түрде тұрақты орныңыз болады, әрі бірнеше қосымша басымдықтарға ие боласыз.

Маусымдық абонементтер иесінің қосымша басымдықтары:
  • Клуб серіктестері желісіндегі шегерілімдер және арнайы ұсыныстар;
  • Клуб серіктестерінің айрықша құқықты бәйгелері мен ұтыс ойындарына қатысу;
  • Өз орныңызды ВТБ Бірңғай лигасының плей-офф сатысындағы өз алаңымызда өтетін ойындарына сатып алу мүмкіндігі;
  • 2020/21 маусымының абонементтеріне кепілді шегерілім;
  • Басқа да басымдықтар, оның бәрін маусым барысында хабарлап отырамыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Абонементттер саны шектеулі — небәрі 50 жанкүйер абонемент иесі атана алады.

Абонементтер бағасы:
  • 10 800 теңге – орталық сектордағы орындар үшін
  • 5 400 теңге – қапталағы секторлардағы орындар үшін
Абонементтер сату кезеңі: 2019 жылғы 1 қазанға дейін, қоса есептегенде.

Абонементтер сату орындары: абонементті тек «Easy Bounce» баскетбол дүкенінен сатып алуға болады, ол үшін төлемді https://easybounce.kz/abonement сайтында, онлайн режімінде жүзеге асыру керек. Ал 8 7172 95 19 52 нөмірлі телефон бойынша Сізге орын таңдап алуға кеңес беріп, тапсырысыңызды жүзеге асыруға көмектеседі. Немесе Мәңгілік Ел 52, ВП 19 мекенжайында орналасқан дүкеннен сатып алуыңызға болады. Дүкеннің жұмыс уақыты – демалыссыз, сағат 10:00 – 20:00.

Абонемент сатып алу ережесі:
  • Жеке куәлігіңіз өзіңізбен болуы керек;
  • Абонемент шығаруға қажет сауалнама-өтінім толтыру керек;
  • Бір куәлікке тек бір ғана абонемент сатылады;
  • Абонементтерді алып-сатуға тыйым салынады. Мұндай жағдай анықталса, абонемент жойылады.

Бас серіктесіміз — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Әлеуметтік серіктесіміз — «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»