Командалар

Құрамы

23
Валерий
Лиходей
Ауыр шабуылшы
Туған күні: 23.10.1986 (36) Туған жері: Ростов-на-Дону, КСРО Азаматтығы: Ресей Бойы: 204 см. Салмағы: 100 кг.
Валерий Лиходей өз мансабын «Химки» сапында бастаған, содан кейін бұл ұжымнан мәскеклік ЦСКА құрамына ауысқан. Сондай-ақ, ол өз карьерасында ресейлік «Триумф», «Спартак», «Локомотив-Кубань», УНИКС және «Уфимец» командалары сапында, сонымен қатар «Нявежис» (Литва), «Орландина» (Италия) және «Анвил» (Польша) клубтары құрамында ойнаған.

Ол жасөспірімдер арасындағы Еуролига (2004), FIBA EuroCup Challenge (2006/07) және Еуропа кубогы (2012/13) секілді халықаралық додаларда жеңімпаз атанған. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (2005) сұрмергені атанып, КБЛ Жұлдыздары матчында (2011) өнер көрсеткен.

"Астанаға" көшкенге дейін ол 2021/2022 маусымын ПАРМА-ПАРИ-де өткізіп, ВТБ Бірыңғай лигасында 14 матч өткізіп, 192 ұпай жинады.