Валерий Лиходей: «Олар бізді қателіктеріміз үшін жазалады»
«Астана» форварды Валерий Лиходей «Зенитпен» ойынға пікір берді.
— Біз бірінші бөліктің басында сәтсіздікке ұшырадық. Ойынға келсек, «Зенит» өте еркін қимылдады. Ойынды теңестіруге мүмкіндік болды, бірақ біз болмашы қателіктер жібердік, сол үшін де олар бізді жазалады. 15 ұпай айырмашылығы ойын соңына дейін сақталып тұрды. Қысқарта бастап едік, бірақ кей сәтте ұстамдылық жеткіліксіз болды. Біз әлі де жұмыс істейміз. Баскетболда ойын соңында біраз нәрсе шешіледі, бірқалыпты ойнауға тырысамыз.