Игорь және Валерий, рақмет!

15.05.2024, 19:30    Оқылғаны: 692
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Валерий Лиходей мен Игорь Каныгин келісімшарттары мерзімі аяқталуына байланысты астаналық клубтан кетті. 

Ресейлік екі ойыншы да клуб сапын 2022 жылы толықтырған. Валерий Лиходей өткен ВТБ Бірыңғай Лигасы маусымында «Астана» сапында 29 матч өткізді, ал Ұлттық лиганың екі маусымында 50 ойынға қатысты. Игорь Каныгин Бірыңғай лигада 16 матч өткізсе, Қазақстан чемпионатында 52 кездесуге қатысты. 

Валерий Лиходейдің биылғы маусымды ойыншы-бапкер ретінде өткізгенін атап өту керек. Ол «Астананың» жас қазақстандық ойыншылар дамыту мақсатында Михаил Лоншаковқа көмектесті. 

«Астана» құрамында өткізген екі маусым, клубқа қосқан үлестеріңіз бен бірге бастан өткерген қуанышты сәттер үшін алғыс айтамыз! Сәттілік тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»