«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында өз жолын жалғастыруда: бүгін Олег Киселевтің командасы өз алаңында «Автодормен» кездеседі.
Клуб 1960 жылы «Спартак»деген атпен құрылды (кейіннен – «Автодорожник», 1996 жылдан бастап – «Автодор»).
Клубтың жетістіктері:
ВТБ Бірыңғай лигасында «Автодор» және «Астана» 19 рет кездесті: әзірге 12:7 есебімен қарсыластың пайдасына.
Қазір «Автодор» бір жеңіспен және төрт жеңіліспен турнир кестесінде екінші орында тұр: Олег Киселев ойын алдында атап өткендей, саратовтықтар – «Уралмашты» жеңген, ал «Енисеймен» матчта Красноярск командасынан бір ұпайға ғана жеңілген сапалы қарсылас
«Бірнеше жеңілістен кейін біз психологиялық тұрғыдан қалыпқа келуіміз керек, ойынға дайын болу үшін өз күшімізді табуымыз керек. «Астана» – өте мықты қарсылас, екі матчты да қазақстандықтар өте жақсы деңгейде, жоғары қарқынмен өткізді. Біз олардың энергиясымен күресуіміз керек», — деді матч қарсаңында Саратов командасының бас бапкері Миленко Богичевич.
Ойын «Сарыарқа» велотрегінде сағат 20:00-де басталады. Билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://taplink.cc/astanabasket
Матчтың көрсетілімін Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ клубтың сайтынан көруге болады.