Олег Киселев: «Біз қорғаныста ойын жоспарын орындадық»

25.10.2023, 22:30    Оқылғаны: 262
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев «Автодорға» қарсы жеңісті ойын туралы пікір білдірді.

– Жанкүйерлер мен команданы жеңісімен, барша қазақстандықты Республика күнімен құттықтаймын!

Ойынға келетін болсақ, жеңістің кепілі біздің қорғаныстағы жоспардың орындалуында, соның ішінде «Автодор»көшбасшысы Виньялеске қарсы жақсы ойнадық. Менің ойымша, бұл кездесудің нәтижесіне әсер етті: біз тек 62 ұпай өткіздік.

Екі күннен кейін біз Мәскеуге ұшамыз, сондықтан біз осы бабымызды ұстап, жұмысты жалғастыруымыз керек.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»