«Автодормен» ойнаймыз: превью

25.10.2023, 17:00    Оқылғаны: 361
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында өз жолын жалғастыруда: бүгін Олег Киселевтің командасы өз алаңында «Автодормен» кездеседі.

Клуб 1960 жылы «Спартак»деген атпен құрылды (кейіннен – «Автодорожник», 1996 жылдан бастап – «Автодор»).

Клубтың жетістіктері:

  • Ресейдің күміс жүлдегері(1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999).
  • Ресейдің қола жүлдегері (1992, 1995/1996).
  • Ресей Суперлигасының Чемпионы (2008/2009, 2013/2014).
  • Ресей Суперлигасының қола жүлдегері (2012/2013).


ВТБ Бірыңғай лигасында «Автодор» және «Астана» 19 рет кездесті: әзірге 12:7 есебімен қарсыластың пайдасына.

Қазір «Автодор» бір жеңіспен және төрт жеңіліспен турнир кестесінде екінші орында тұр: Олег Киселев ойын алдында атап өткендей, саратовтықтар – «Уралмашты» жеңген, ал «Енисеймен» матчта Красноярск командасынан бір ұпайға ғана жеңілген сапалы қарсылас

«Бірнеше жеңілістен кейін біз психологиялық тұрғыдан қалыпқа келуіміз керек, ойынға дайын болу үшін өз күшімізді табуымыз керек. «Астана» – өте мықты қарсылас, екі матчты да қазақстандықтар өте жақсы деңгейде, жоғары қарқынмен өткізді. Біз олардың энергиясымен күресуіміз керек», — деді матч қарсаңында Саратов командасының бас бапкері Миленко Богичевич.

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде сағат 20:00-де басталады. Билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://taplink.cc/astanabasket

Матчтың көрсетілімін Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ клубтың сайтынан көруге болады.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»