ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Самара
Самара
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
27.10.2022, 21:00 Бс
Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені (Самара)
93:58
Негізгі уақыт
25:12 23:12 25:19 20:15
Ойын нөмірі:
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Самарамен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

27.10.2022, 18:00    Просмотров: 506
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін кешке «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында «Самарамен» ойнайды.

Бұл ресейлік баскетбол клубының тарихы 1976 жылдан бастау алады. КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Генрих Приматовтың бастамасымен Куйбышевте «Строитель» командасы құрылған болатын. Приматовтың басшылығымен КСРО чемпионаттарында дебют жасап, содан кейін бірнеше рет КСРО мен Ресей біріншіліктерінің жүлдегері болды, сонымен қатар Еуропалық жарыстарға қатысты.

2003 жылдан бастап «Самара» балалар мен жасөспірімдер бағытын дамытуға баса назар аударды, алайда 2012 жылдың жазында клубқа кәсіби мәртебесін қайтару туралы шешім қабылданды. Команда екі рет Суперлига чемпионы атанды (2018/19 және 2020/21 маусым) және екі рет Ресей Кубогын жеңіп алды (2019/20 және 2021/22 маусым).

ВТБ Бірыңғай лигасының бұл маусымы команда үшін дебюттік жыл саналады және алдағы кездесу «Самара» мен «Астана» арасындағы алғашқы жекпе-жек болады.

Сонымен қатар, клубтардың жақсы байланысы бар: «Астананың» бас бапкері Олег Киселев ойыншы мансабы кезінде «Самара» сапында 1998/99 және 2000/02 маусымдарда өнер көрсетті. Ал 2006-2009 жылдары Ресей клубының бас бапкері «Астананың» бұрынғы бас директоры, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко болды.

Қазір «Самара» ВТБ Бірыңғай лигасының кестесінде 8-ші орында, екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңіліп қалды.

«Самара» жеке мықты ойыншылардың жақсы таңдауына ие. Олармен күш сынасу — біздің басты міндетіміз», — деді ойын алдында қазақстандық команданың бас бапкері Олег Киселев.

Матч В.С.Высоцкий атындағы «Спорт сарайы» СК өтеді және Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Ойынды «Астана» мен ВТБ Бірыңғай лигасының ресми сайттарынан көруге болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1977 Клубтық түстері: көк, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені
Қала: Самара Сайт: https://bcsamara.com

Сипаттамасы

«Самара» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Самара қаласынан, 1977 жылы құрылған.

Жетістіктері:,
  • FIBA кубогының иегері — 2007
  • Суперлига-1 жеңімпазы — 2018/2019, 2020/202
  • Ресей Кубогының жеңімпазы — 2019/2020, 2021/2022