Олег Киселев: Бүгін «Самара» жеке шеберлігі арқылы жеңіске жетті»
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев ВТБ Бірыңғай Лигасындағы «Самарамен» матчқа қатысты пікірін бөлісті.
«Кездесудің бірінші бөлігінде толығымен сәтсіздікке ұшырадық деп айтпас едім. Иә, басында біз «Самараны» жіберіп алдық, бірақ содан кейін оны тоқтатып, ойынға қайта оралдық, ұпай айырмашылығын 12-ге дейін қысқарттық, бірақ біз әдеттегі қысымды жеңе алмадық. Бүгін «Самара» жеке шеберлікпен жеңіске жетті: ойыншылар жекелей тұрғыда мықты ойнайды. Егер біз дайындалған матчтың үш-төрт минуты ішінде ұпайды «-12» дейін ұлғайтып алсақ, жеке дәрежедегі сәтсіздікке ұшырадық деген сөз.»