«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында кезекті көшпелі матчын өткізді.
Бұл жолы елордалықтарға Самараның өзі аттас командасы қарсылас атанды, олар лиганың осы маусымында дебют жасады. Кездесу алаң қожайындарының пайдасына аяқталды — 93:58.
«Самара» сапынан Маркос Найт жасындай жарқылдады — 20 ұпай және 6 пас. «Астана» құрамында Майкл Майерс (11 ұпай) көзге түсті.
«Біз қарсыласқа байыпты қарадық, мұны ойын нәтижесінен байқауға болады. Мен алаңға шықпай жүрген жігіттерге ойнауға мүмкіндік бергеніме қуаныштымын. Біз үшін әр ойыншы маңызды. Енді біз «Зениттен» жеңілістен кейін біраз еңсе тіктедік. Бізде екі күн ғана болды және осындай ауыр жеңілістен кейін жігер көрсету қажет болды. Бүгін барлығы өз үлестерін қосты: жігіттерді энергия тарапынан, қорғаныс іс-қимыл тұрғысынан сауатты ойнауға шақырдық», - деді «Самараның» бас бапкері Сергей Базаревич.
Келесі матчтарды «Астана» Қостанайда өткізеді, демалыс күндері «Тобылға» қарсы екі ойын өтеді, ал дүйсенбіде елордалық баскетболшылар «Локомотив-Кубаньмен» кездеседі.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.