Бүгін «Астана» жаңа маусымдағы ВТБ Бірыңғай лигасының үйдегі алғашқы матчын өткізеді.
Қарсылас — Мәскеудің МБА ұжымы. 2013 жылы құрылған клубтың мақсаты — баскетболшылардың жаңа буынын дамыту. Командадағы көптеген ойыншының жасы 25-ке жетпеген.
Клуб алғаш рет ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетеді және турнирдің дебюттік матчында «Локомотив-Кубаньді» 86:73 есебімен жеңді. Шабуылшы Евгений Валиев лиганың бірінші аптасының үздік бестігіне кірді.
«МБА — өршіл, жас команда. Олар лигаға кірген кезде, аутсайдерлердің қатарына қосқандар көп болды, бірақ маусым алдындағы матчтар және «Локомен» ойын бұл пікірді теріске шығарды. Біз жеңіске жету үшін жақсы дайындалуымыз керек», — дейді бас жаттықтырушы Олег Киселев.
Қызықты дерек: МБА құрамында осы жазда Мәскеу клубына қосылған «Астананың» экс-форварды Марк Тихоненко бар.
Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және сағат 15:00-де басталады, билеттерді
Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.