«Астана» жаңа маусымда ВТБ Бірыңғай лигасының үйдегі алғашқы кездесуін өткізді.
Қазақстандық команда бірінші бөліктің соңына қарай есепте алда болғанына қарамастан, кейіннен қонақтар ойын басымдығын қолға алып, 69:103 есебімен жеңіске жетті.
«Астана» құрамындағы үздік ойыншылар: Даниил Аксенов (13 ұпай, 2 допқа талас, 4 пас), Майкл Майерс (11 ұпай, 7 допқа талас, 1 тосқауыл) және Валерий Лиходей (9 ұпай, 6 допқа талас, 1 пас).
«Астананың» бас бапкері — Олег Киселев:
«МБА-ны жеңісімен құттықтаймын. Олар жақсы, үйлесімді ойын көрсетті, жазғы дайындығы өте жақсы болды, жалпы маусымға өте жақсы кірді.
Біз оларға қарсы тұру ғана емес, жеңіске жетуге дайын болдық. Мұны матчтың бірінші жартысында көрсеттік, ойын жоспарын ұстадық. Иә, белгілі бір сәттерте озық шықтық, бірінші бөлікте он ұпайлық айырмашылықты сақтап, еркін шабуылдарды жүзеге асырдық.
Ойынның екінші жартысы туралы сөз қозғау қиын. Шабуылдағы ойын, ойын өрнегі бұзылды, біз МБА-ға ойын энергиясын сезінетіндей мүмкіндік беріп қойдық, олар еркін шабуылдарды жүзеге асырды.
Қорытынды жасау керек. Біз аздап демаламыз, талдау жасаймыз және «Парма-Париге» дайындаламыз. Біз бүгінгідей болмауы үшін және ойынды жақсарту үшін бар күшімізді саламыз. Біз ВТБ Бірыңғай лигасында екі ойын өткіздік және біздің командадағы көптеген адамдар біздің қандай деңгейде ойнайтынымызды түсінуі керек. Мұнда ешқандай қателіктер кешірілмейді».
МБА бас бапкері — Василий Карасев:
«Кездесудің бірінші және екінші бөлігі өте ауыр болды: қорғаныста олқылықтар жібердік, «Астанаға» бірінші бөліктегі ойынның басымдығын беріп қойдық. Біздің команда қорғаныс арқылы ойнайды, біз қорғану арқылы жылдам ауысымдарға мүмкіндік жасаймыз. Кей тұстарда біз жағдайды түзетіп, үшінші-төртінші бөлікте басымдықты өзімізде ұстадық».
ВТБ Бірыңғай лигасында қазақстандық клуб келесі матчты үйде өткізеді — 13 қазанда «Астана» «ПАРМА-ПАРИ» командасын қабылдайды.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.