МБА-мен ойын: қарсыласты таныстырамыз

09.10.2022, 10:00    Оқылғаны: 698
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» жаңа маусымдағы ВТБ Бірыңғай лигасының үйдегі алғашқы матчын өткізеді.

Қарсылас — Мәскеудің МБА ұжымы. 2013 жылы құрылған клубтың мақсаты — баскетболшылардың жаңа буынын дамыту. Командадағы көптеген ойыншының жасы 25-ке жетпеген.

Клуб алғаш рет ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетеді және турнирдің дебюттік матчында «Локомотив-Кубаньді» 86:73 есебімен жеңді. Шабуылшы Евгений Валиев лиганың бірінші аптасының үздік бестігіне кірді.

«МБА — өршіл, жас команда. Олар лигаға кірген кезде, аутсайдерлердің қатарына қосқандар көп болды, бірақ маусым алдындағы матчтар және «Локомен» ойын бұл пікірді теріске шығарды. Біз жеңіске жету үшін жақсы дайындалуымыз керек», — дейді бас жаттықтырушы Олег Киселев.

Қызықты дерек: МБА құрамында осы жазда Мәскеу клубына қосылған «Астананың» экс-форварды Марк Тихоненко бар.

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және сағат 15:00-де басталады, билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»