Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2022
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
08.02.2022, 19:30 Сс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
76:50
Негізгі уақыт
16:20 23:12 22:13 15:5
Ойын нөмірі: 8
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астана» Қазақстан кубогындағы үшінші ойынын «Тобылмен» өткізеді

08.02.2022, 10:00    Просмотров: 181
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

8 ақпан күні, Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында «Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогы додасының төртінші күнгі ойындары аясында, Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі. Матчтың басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларын өтінеміз.

«Тобыл»
– Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2020/2021
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020, 2021
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Баскетбольный клуб Тобол 2021/2022

“Тобыл” – ел кубогын өткізу Ережелері ешқандай әсер етпейтін жалғыз ұжым. Өйткені, құрамы тек Қазақстан төлқұжаттары бар ойыншылармен жасақталған. Команданың нағыз көшбасшылары – Шайым Қуанов пен Антон Быков. Сонымен қатар, тәжірибелі Павел Ильин мен Максим Воейковті де ұмытпау керек. Бұлардан бөлек, команданың негізгі құрамында Асқар Ахметжан, Никита Тимофеев және Рустам Валиев ойнайды.

Биылғы маусымда Дарко Руссоның шәкірттері қостанайлықтармен екі рет кездесіп, қос кездесуден өткізді. Әрі екеуін де сәтті өткізіп, төрт ойында да тобылдықтарды тізе бүктірді.

«Астана» ел кубогы жолында әзірше екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Бірақ дәл қазір бірінші орында «Атырау Барыстары» тұр. Себебі олар бір ойын артық өткізді. Әрі олар да әлі жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. , Ал біздің келесі қарсыласымыз өздерінің бірінші ойындарында дәл осы «Барыстардан» ұтылып қалып, одан кейін «Каспиймен» өткен тартысты матчта жеңіске жеткен. Осылайша, олар үшінші орынды иемденіп тұр.

Матч сейсенбі күні, 8 ақпанда  Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Ойынның онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» Қазақстан кубогын оныншы рет жеңіп алу жолында «Тобылды» да тобықтан қақты

09.02.2022, 09:00    Просмотров: 345
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы бір күнгі демалысынан кейін «Тобылды» тізе бүктірді. Үш кезеңдей қостанайлықтар дес бермей, мейілінше тайталасты. Бірақ үшінші кезеңнің соңында Дарко Руссо шәкірттері ойын тізгінін өз қолдарына алып, матч соңына дейін оны уыстарынан шығарған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Кубок жолындағы матчтарда барлық команда, оның ішінде, біздің клуб та, алаңға тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншыларын шығара алады.

Бірінші шабуылда-ақ біздің капитан Рустам Мырзағалиев үш ұпайлық доға сыртынан доп салып, есеп ашты. Бірақ қостанайлықтар бірден таразы басын теңестірді. “Астана” тағы екі шабуылын сәтті аяқтап, Олег Балашов пен Максим Марчук көзге түскен. Бірақ екеуінен де соң, “Тобыл” лайықты жауап берді. Ал Дмитрий Гаврилов екі ұпай еншілеген соң біраз уақыт голсыз іркіліс орнады. Оны Қостанай ойыншылары бұзып, алға шығып кетті. Рустам Мырзағалиев үш айып соққысын мүлтіксіз орындап, іле-шала Дмитрий Гаврилов екі ұпай еншілеп, “Астана” +4 басымдығымен алға шықты. Алайда бұдан кейінгі екі минутта тек қостанайлықтар доп салумен болып, әуелі есепті теңестірді, содан соң төрт ұпай айырмасымен алға шығып кетті. Бірінші кезеңнің соңында Руслан Айтқали ғана екі ұпай олжалап, “Тобыл” сәл ғана басымдығын сақтап қалды – 20:16. Екінші кезеңнің басында Макисм Марчук “энд уан” орындап, Роберт Пан екі ұпай еншіледі, ал Вадим Щербак алыстан мергендік танытты. Бірақ қостанайлықтар да қарап қалмады, олар да қоржындарына ұпай қосты. Әйтсе де, есеп теңесті. Келесі бес минутта доп додасы тең дәрежеде өтіп, екі команда алма-кезек алға шығып отырды. Осы минуттарда біздің сапымыздан Николай Бажин, Рустам Мырзағалиев, Руслан Айтқали жәнеи Дмитрий Гаврилов доп салды. Бірақ ойынның бірінші жартысының соңғы екі минутында біздің команда қорғаныста қарсыласын тұсаулап ұстап, өздері шабуылда нәтижелі ойын өрнегін көрсетті – Максим Марчук екі ұпай олжалап, Дмитрий Гаврилов төрт рет айып соққысын мүлтіксіз орындады – 32:39.



Матчтың бірінші жартысы “Тобылдың” белді бекем буып, ештеңеден тайынбай, осы ойында жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салатындығын көрсетті. Алайда матчтың екінші жартысының басында біздің жігіттер көсіле сілтеді. Ең басында қостанайлықтар екі ұпай еншілегендерімен, бұдан кейінгі үш минутта тек “Астананың” қоржыны толысты. Командаға ұпай қосқандар: Олег Балашов пен Дмитрий Гаврилов. Ал Балашовтың кезекті ұпайларынан соң “Астана” басымдығы екі таңбалы санға жетті. Өкінішке қарай, бұдан әрі біздің команда оны ұлғайта алмады. Керісінше, қостанайлықтар қысқарта бастады. Ал үшінші кезеңнің бел ортасына дейін біздің “қоржынымызға” тек Олег Балашов қана екі ұпай қосты. Есеп айырмасы төрт ұпайға дейін кеміп, ойынға біздің жаттықтырушылардың араласуына тура келді. Тайм-ауттан кейін және үшінші кезең соңына дейін, бізден тек екі ойыншы доп салып отырды – Роберт Пан және Рустам Мырзағалиев. Роберт екі рет қарсыласымыздың қорғанысын бұзып өтті, ал Рустам құйындай орап соқты – үш ұпайлық доп салды, қорғанысты бұзып өтті және төрт рет айып соққысын дәл түсірді. Айтпақшы, біздің тайм-аут шабуымызды ғана қайрай түскен жоқ, қорғанысымыз да сауатты ойын өрнегін көрсетті. “Тобыл” осы уақыт аралығында бір ғана ұпай еншіледі. Соңғы кезең алдында астана командасы әжептәуір қара үзіп кетті – 45:61. Қостанайлықтар үшінші кезеңнің соңында кежегелері кейін тартып, төртінші онминуттықта да еңсе тіктей алмады. Тіпті бес минут бойы доп сала алмай, пұшайман болды. Дарко Руссоның шәкірттері, керісінше, алға қарай ентелей түсті. Бастапқы екі минутта Роберт Пан екі ұпай еншілеп, Николай Бажин өз еншісіне бес ұпай қосты. Содан соң Вадим Щербак айып сызығынан сенімді ақтады, ал Олег Балашов алыстан дәл түсірді. Төртінші кезеңнің отасына қарай біздің басымдығымыз 30 ұпайды жуықтады. Әрі жеңіс алақанымызда еді. Матч соңында “Астана” тізгін тартып, қостанайлықтарды есепті біраз қысқартуларына мүмкіндік берді. Матчтың соңғы бес минутында Олег Балашов қана доп салып, үш ұпайлық доға сыртынан мергендік танытты. Сөйтіп, “Астана” ірі жеңіске қол жеткізді – 50:76.



Ең көп ұпай еншілегендер: 

  • «Астана» –  Рустам Мырзағалиев тағы да команданы алға сүйреп, бүгін ең тиімді және көп ұпай жинаған ойыншы болды – 18 ұпай, 4 рет доп қағып алып, 4 пас берді, 3 рет допты тартып алды, 1 блокшот. Дмитрий Гаврилов дабл-дабл орындады – 12 ұпай, 11 рет доп қағып алды. Олег Балашов 15 ұпай жинап, 6 рет доп қағып алды, 3 пас беріп, 3 рет допты тартып алды. Роберт Пан 8 ұпай олжалап, 6 рет доп қағып алды, 5 рет допты тартып алды. Максим Марчук 7 ұпай еншілеп, 5 рет доп қағып алды, 2 рет допты тартып алды. Ал Николай Бажин 7 ұпай жинап, 2 рет доп қағып алды және 2 пас берді.
  • «Тобыл» – Антон Быков қостанайлықтар сапындағы ең тиімді ойыншы болды – 16 ұпай, 8 рет доп қағып алды, 2 рет допты тартып алды. Шайым Қуанов 8 ұпай еншілеп, 5 рет доп қағып алды және 5 пас берді.


Салдары: “Астана” ел кубогы додасында әлі жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ертең осы турнирдегі ең негізгі ойынын өткізіп, “Атырау Барыстарымен” кездеседі. Дәл осы матчта бас бәйге тағдыры шешіледі.
 


Келесі матч: Ел кубогындағы «Атырау Барыстарымен» өтетін соңғы матч шешуші ойын болады. Сәрсенбі күні, яғни 9 ақпанда өтетін осы ойында астана командасы өзінің Қазақстан кубогы жеңімпазы атағын қорғайтын болады. Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:00-де. Ойынның онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл