«Астана» баскетбол клубының өз алаңындағы матчтарына кіру ережелері

13.10.2021, 18:15    Оқылғаны: 296
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Құрметті жанкүйерлер, «Астана» баскетбол клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы, өз алаңында өтетін ойындарына кіру ережесімен мұқият танысып шығуларыңызды өтінемз. Бұл шаралар Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін енгізілген.

Өз алаңымыздағы ойындарды санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық күшейтілген шараларды сақтай отырып, трибуналардың 50% ғана жанкүйерлермен толтырып өткізуге рұқсат беріледі.

  • Аренаға жасы 18-ден асқан, тек «Ashyq» мобильды қосымшасы бойынша жасыл статусы бар көрермендер кіре алады. 10 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді, бірақ оларға отыратын орын бөлінбеген. 
  • Аренаға кірерде көрермендердің бәрі де байланыссыз термометрмен, қызу өлшеу рәсімінен өтулері керек. Қызулары — 37 градус және одан жоғары көрермендер матчқа кіргізілмейді (билетті қайтару себебіне жатпайды).
  • Аренаға ЖРВИ ауруларының көрінімді белгілері, яғни мұрын біту, түшкіру, жөтел және т.б бар көрермендер кіргізілмейді (билетті қайтару себебіне жатпайды).
  • Аренаға жеке қорғаныс құралдарын қолданып (бетперделер немесе респираторлар киіп) қана кіруге және онда жүруге рұқсат беріледі. Оларды аренадан шығып кеткенше шешуге болмайды.
  • Матч аяқталғанша көрермендер бір-бірінен кемі 1,5 метр аралықта әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары керек.
  • Көрермендерді трибуналарға отырғызу әлеуметтік арақашықтық ережелеріне сай жүргізіледі. Трибуналарда, қатаң түрде, билетте көрсетілген орындарға ғана отыру керек.


Сонымен қатар, матчтарды өткізу кезінде тағам сату орындарының жұмыс істемейтіндігіне назарларыңызды аударғымыз келеді. Әрі стадион кассаларында билет сатылмайды.

Қызу өлшеу рәсімі, электронды билет пен «Ashyq» қосымшасының статусын тексеру біршама уақыт алады. Сондықтан аренаға ертерек келуге кеңес береміз!

Достар, матчқа кіру талаптарына жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Жоғарыда жазылған ережелерді орындаңыздар, өзіңіз және айналаңыздағылар үшін өте сақ болыңыздар. Дендеріңіз сау болсын және матчтарда кездескенше!



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»