«Астана» Қазақстан кубогындағы үшінші ойынын «Тобылмен» өткізеді

08.02.2022, 10:00    Оқылғаны: 184
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

8 ақпан күні, Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында «Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогы додасының төртінші күнгі ойындары аясында, Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі. Матчтың басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларын өтінеміз.

«Тобыл»
– Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2020/2021
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020, 2021
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Баскетбольный клуб Тобол 2021/2022

“Тобыл” – ел кубогын өткізу Ережелері ешқандай әсер етпейтін жалғыз ұжым. Өйткені, құрамы тек Қазақстан төлқұжаттары бар ойыншылармен жасақталған. Команданың нағыз көшбасшылары – Шайым Қуанов пен Антон Быков. Сонымен қатар, тәжірибелі Павел Ильин мен Максим Воейковті де ұмытпау керек. Бұлардан бөлек, команданың негізгі құрамында Асқар Ахметжан, Никита Тимофеев және Рустам Валиев ойнайды.

Биылғы маусымда Дарко Руссоның шәкірттері қостанайлықтармен екі рет кездесіп, қос кездесуден өткізді. Әрі екеуін де сәтті өткізіп, төрт ойында да тобылдықтарды тізе бүктірді.

«Астана» ел кубогы жолында әзірше екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Бірақ дәл қазір бірінші орында «Атырау Барыстары» тұр. Себебі олар бір ойын артық өткізді. Әрі олар да әлі жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. , Ал біздің келесі қарсыласымыз өздерінің бірінші ойындарында дәл осы «Барыстардан» ұтылып қалып, одан кейін «Каспиймен» өткен тартысты матчта жеңіске жеткен. Осылайша, олар үшінші орынды иемденіп тұр.

Матч сейсенбі күні, 8 ақпанда  Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Ойынның онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»