ВТБ Бірыңғай лигасы 2021/2022
Локомотив-Кубань
Краснодар
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
30.03.2022, 21:00 Ср
Арена: Баскет Холл (Краснодар)
109:57
Негізгі уақыт
35:11 28:18 26:8 20:20
Ойын нөмірі: RS-59
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» түзде Краснодардың «Локомотив-Кубань» клубымен ойнайды

29.03.2022, 10:00    Просмотров: 126
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы түзде Краснодардың «Локомотив Кубань» клубымен додаға түседі. Бұл ойын 30 наурыз күні «Баскет Холл» аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 21:00-де. Матч трансляциясы біздің, pbcastana.kz сайтымызда жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Астананың» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы, өз алаңындағы, соңғы ойындары Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Матч билеттерін Zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар.

«Локомотив-Кубань» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еурокубок додасында да өнер көрсетті.

Жетістіктері:

  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2012/2013
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2000, 2018
  • РТЖ халықаралық кубогы жеңімпазы – 2007, 2008
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2017/2018
  • FIBA кубогының финалына шыққан – 2004/2005
  • EuroChallenge кубогының финалына шыққан – 2010/2011
  • Корач кубогының финалына шыққан – 2001/2002
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2013/2014
  • Еуролиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2012/2013
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2014/2015
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2000/2001, 2001/2002, 2011/2012, 2014/2015


Локомотив Кубань баскетбол клубы 2021/2022

Екі команда бірінші ойындарын 15 ақпан күні Нұр-Сұлтанда өткізген. Онда астана клубы краснодарлық қонақтарынан 87:83 есебімен басым түскен болатын.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» ұзақ жолдан кейін «Локо» ұжымынан ұтылды

31.03.2022, 10:00    Просмотров: 121
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

Ойынға бір күн қалғанда, «Локомотив-Кубань» (7-6) қорғаушысы Стэнтон Киддпен ресми түрде қоштасты. «Астана» (2-11) Краснодарға дейін бес рет қатарынан ұтылып, ойынға екі легионерісіз шықты – Скайлар Спенсер мен Антонио Кэмпбэлл.

Матч басында «Локо» құйындай орап соқты: Владислав Емченко 8 ұпай еншілеп, оның командасы 13:0 есебімен серпіліс жасады. «Астана» өзінің бірінші нәтижелі шабуылын ойынның 4-минуты өткен соң ғана жүзеге асырды. Әйтсе де, кубандықтар бұл кеште қорғаныста өте сауатты ойнады. Бірінші кезеде «Локомотив-Кубань» 24 ұпай айырмасымен алға ұзап кетті – 35:11. Осы сәтке дейін Краснодар командасының сапында алаңға 10 ойыншы шығып, олардың 9-ы өз үлестерін қосып, ұпай еншіледі. «Астана» жауап беруге тырысты, бірақ «Локо» есеп айырмасын асқан жылдамдықпен ұлғайтқан үстіне ұлғайта берді. Екінші 10-минуттықтың ортасында алаң иелері тым алысқа ұзап кетті – «+36».

Дегенмен, кезең соңына қарай «Астана» кішігірім серпіліс жасап, Максим Марчук пен Вадим Щербак белсенділік танытты. Үлкен үзіліске командалар 34 ұпай айырмасымен шықты – 63:29.

Ойынның екінші жартысында «Астана» жағдайды сол бетімен өзгерте алмай, пұшайман болды. «Локо» қорғаныста өте сақ ойнап, допты тартып алу сәттері жиілеп, жылдам шабуыл ұйымдастырып, оай ұпайлар олжалаумен болды. Матч аяқталғанда, кубандықтар өздерінің осы маусымдағы ең ірі жеңістеріне қол жеткізіп, бір ойында ең көп ұпай жинау нәтижесі бойынша маусым рекордын жаңартты – 109:57.

Деян Парежанин

«Астананың» бас бапкері м.а. – Деян Парежанин:
— Қазір біздің жағдайымыз тығырыққа тіреліп тұр. Легионерлер кетіп қалды, тек өз жігіттерімізбен ойнап жүрміз. «Локоны» жеңісімен құттықтаймын, олар бүгін өте жақсы ойнады. Ойынның бірінші жартысында біз тым көп ұпай өткізіп алдық. Қорғанысымыз сыр берді, әрі қарсыласымыз да шабуылда өте жоғары пайызды нәтиже көрсетті, тіпті соққы бағыттаған кездегі бөгет жасауға тырысқан талпынысымыздан да қайыр болмады.

Әрі қарай: 3 сәуірде, өз алаңымызда «Нижний Новгород» клубымен ойнаймыз.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1946 Клубтық түстері: жасыл, қызыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Краснодар Сайт: lokobasket.com

Сипаттамасы

«Локомотив-Кубань» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2012/2013
  • Ресей кубогының иегегері – 2000, 2018
  • РТЖ халықаралық кубогының жеңімпазы – 2007, 2008
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2017/2018
  • FIBA кубогының финалына шыққан – 2004/2005
  • EuroChallenge кубогының финалына шыққан – 2010/2011
  • Корач кубогының финалына шыққан – 2001/2002
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2013/2014
  • Еуролиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2012/2013
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2014/2015
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2000/2001, 2001/2002, 2011/2012, 2014/2015

Команданың жалпы суреті

Локомотив-Кубань