«Астана» ұзақ жолдан кейін «Локо» ұжымынан ұтылды

31.03.2022, 10:00    Оқылғаны: 166
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

Ойынға бір күн қалғанда, «Локомотив-Кубань» (7-6) қорғаушысы Стэнтон Киддпен ресми түрде қоштасты. «Астана» (2-11) Краснодарға дейін бес рет қатарынан ұтылып, ойынға екі легионерісіз шықты – Скайлар Спенсер мен Антонио Кэмпбэлл.

Матч басында «Локо» құйындай орап соқты: Владислав Емченко 8 ұпай еншілеп, оның командасы 13:0 есебімен серпіліс жасады. «Астана» өзінің бірінші нәтижелі шабуылын ойынның 4-минуты өткен соң ғана жүзеге асырды. Әйтсе де, кубандықтар бұл кеште қорғаныста өте сауатты ойнады. Бірінші кезеде «Локомотив-Кубань» 24 ұпай айырмасымен алға ұзап кетті – 35:11. Осы сәтке дейін Краснодар командасының сапында алаңға 10 ойыншы шығып, олардың 9-ы өз үлестерін қосып, ұпай еншіледі. «Астана» жауап беруге тырысты, бірақ «Локо» есеп айырмасын асқан жылдамдықпен ұлғайтқан үстіне ұлғайта берді. Екінші 10-минуттықтың ортасында алаң иелері тым алысқа ұзап кетті – «+36».

Дегенмен, кезең соңына қарай «Астана» кішігірім серпіліс жасап, Максим Марчук пен Вадим Щербак белсенділік танытты. Үлкен үзіліске командалар 34 ұпай айырмасымен шықты – 63:29.

Ойынның екінші жартысында «Астана» жағдайды сол бетімен өзгерте алмай, пұшайман болды. «Локо» қорғаныста өте сақ ойнап, допты тартып алу сәттері жиілеп, жылдам шабуыл ұйымдастырып, оай ұпайлар олжалаумен болды. Матч аяқталғанда, кубандықтар өздерінің осы маусымдағы ең ірі жеңістеріне қол жеткізіп, бір ойында ең көп ұпай жинау нәтижесі бойынша маусым рекордын жаңартты – 109:57.

Деян Парежанин

«Астананың» бас бапкері м.а. – Деян Парежанин:
— Қазір біздің жағдайымыз тығырыққа тіреліп тұр. Легионерлер кетіп қалды, тек өз жігіттерімізбен ойнап жүрміз. «Локоны» жеңісімен құттықтаймын, олар бүгін өте жақсы ойнады. Ойынның бірінші жартысында біз тым көп ұпай өткізіп алдық. Қорғанысымыз сыр берді, әрі қарсыласымыз да шабуылда өте жоғары пайызды нәтиже көрсетті, тіпті соққы бағыттаған кездегі бөгет жасауға тырысқан талпынысымыздан да қайыр болмады.

Әрі қарай: 3 сәуірде, өз алаңымызда «Нижний Новгород» клубымен ойнаймыз.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»