«Астана» баскетбол клубы түзде Краснодардың «Локомотив Кубань» клубымен додаға түседі. Бұл ойын 30 наурыз күні «Баскет Холл» аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 21:00-де. Матч трансляциясы біздің, pbcastana.kz сайтымызда жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Астананың» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы, өз алаңындағы, соңғы ойындары Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Матч билеттерін Zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар.
«Локомотив-Кубань» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еурокубок додасында да өнер көрсетті.
Жетістіктері:
Екі команда бірінші ойындарын 15 ақпан күні Нұр-Сұлтанда өткізген. Онда астана клубы краснодарлық қонақтарынан 87:83 есебімен басым түскен болатын.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
![]() «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
![]() Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |