Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2021
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Плей-офф Финал
16.03.2021, 17:30 Сс
Арена: СК «Жақсы 2» (Щучинск)
92:66
Негізгі уақыт
19:18 25:12 24:17 24:19
Ойын нөмірі: 12
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

Қазақстан кубогының финалында «Астана» «Тобылмен» додаға түседі

16.03.2021, 10:00    Просмотров: 331
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Тура былтырғыдай, Қазақстан кубогының финалында «Астана» баскетбол клубы командасына Қостанайдың «Тобылы» қарсылас болады. Турнирдің бас бәйгесі сарапқа салынатын шешуші ойын сейсенбі күні, 16 наурызда өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да.

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан. 2003 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Тобол баскетбол клубы 2020/2021

Бұл біздің команданың биылғы ел кубогы додасында қостанайлықтармен екінші рет кездесуі болады. Топтық кезең аясында астана ұжымы оларды аса қиналмай ұтып, 95:61 есебімен үстемдік танытқан болатын. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Қазақстан кубогының финалында да «Тобыл» «Астанамен» додаға түскен. Бірақ елорда ұжымына төтеп бере алмай, ойсырай ұтылып қалған – 66:102. Осыларлы ескерсек, алдағы финалда да “Астана” негізгіфаворит болуы керек.

Команда көшбасшылары: Бұл турнирде Қостанай ұжымының нағыз көшбасшысы – Антон Быков. Сондай-ақ топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Дмитрий Климов, Павел Ильин және Шайым Қуанов нәтижелі ойын үлгісін көрсетіп жүр. Команданың енді бір үздік ойыншысы, яғни Константин Двирный бұл турнирдегі үш ойынның біреуінде ғана алаңға шықты.

Матч сейсенбі күні, 16 наурызда Щучинскідегі «Жақсы-2» спорт базасы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл