Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2021
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Топтық кезең
13.03.2021, 17:30 Сн
Арена: СК «Жақсы 2» (Щучинск)
95:61
Негізгі уақыт
29:13 17:13 26:22 23:13
Ойын нөмірі: 6
Көрермен: 0
Тобыл
Қостанай

«Астана» мен «Тобыл» ел кубогының «А» тобында бірінші орынға таласады

13.03.2021, 10:00    Просмотров: 298
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы мен Қостанайдың «Тобылы» 2021 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалы жолдамасына қол жеткізіп те қойған. Сенбі күні, 13 наурызда өтетін екеуара матчта аталмыш доп додасының шешуші кезеңіне қайсы қай орынмен топтан шығатыны шешіледі. Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:30-да.

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан. 2003 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Тобыл баскетбол клубы 2020/2021

Біздің команда Ұлттық лиганың негізгі додасында Қостанай  ұжымымен екі рет кездесіп, екеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сонымен қатар, 2020 жылғы Қазақстан кубогының финалында дәл осы «Тобыл» астана командасыны қарсыласы болған. Бұл матч былтырғы жылдың қараша айында өтіп, онда біздің жігіттер аса қиналмай жеңіске жеткен.

Команда көшбасшылары: Ел кубогы додасын өткізу Ережелерінің шарттары бойынша тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншылар ғана қатысатын талап «Тобыл» үшін қиналатын мәселе емес. Бір жағынан тіпті оларға берілген басымдық та деуге болады. Өйткені биылғы маусымда Қостанай командасының құрамы тек қана Қазақстан ойыншыларымен жасақталған. Сондықтан, кубок додасындағы ойындарға олар өз күштерін 100% толықтай жұмылдыра алады. “Тобылдың” ең үздік көшбасшысы – Қазақстан құрамасының ойыншысы Антон Быков. Сондай-ақ, “Ұлы дала Арландарының” тағы бір өкілін атап өтуге болады – плеймейкер Шайым Қуанов. Әрі «Астананың» жаттықтырушылары құрамына Қостанай ұжымының негізін қалайтын Максим Воейков, Павел Ильин, Дмитрий Климов және Константин Двирный секілді тәжірибелі ойыншыларға да көңіл аудару керек.

Матч сенбі күні, 13 наурызда Щучинскідегі «Жақсы-2» спорт базасы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» ел кубогының жартылай финалына өз тобынан бірінші орынмен шықты

13.03.2021, 20:00    Просмотров: 333
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогының «А» тобында өзінің басты бәсекелесін, яғни Қостанайдың «Тобылын» ойсырата ұтып, бірінші орынға ие болды. Бұл ойында да алаңға Эмиль Райковичтің тек Қазақстан төлқұжаты бар шәкірттері шықты.

Есепті үш ұпайлық дәл соққысымен Рустам Мырзағалиев ашты. Іле-шала Вадим Щербак та шығыршықты алыстан дәл көздеді. “Тобылдың” қарымта әрекеттері де көп күттірген жоқ. Әрі қостанайлықтар есеп айырмасын лезде бір ұпайға дейін қысқарты. Бірінші кезеңнің ортасына дейін Вадим Щербак тағы да жеті ұпай еншіледі. Соның арқасында “Астана” қайтадан қара үзе бастады. “Тобыл” қайтадан таразы басын теңестіруге тырысты, бірақ олардың бұл талпыныстарынан нәтиже шықпады. Николай Бажин, Антон Пономарев, Максим Марчук және Рустам Мырзағалиев “Астананың” ұпай қорын одан әрі молайтып, бірінші кезеңнің аяғына дейін есеп айырмасын ұлғайта түсті. Сөйтіп, он минуттан кейін біздің команда қарсыласынан 16 ұпай ұзап кетті – 29:13. Екінші кезеңнің басында қостанайлықтардың ойындар мүлде үйлеспей қойды. Ал біздің жігіттер есеп айырмасын одан әрі ұлғайта берді. Максим Марчуктің үш ұпайлық добынан кейін біздің команданың басымдығы 20 ұпайға жетті. Ал Пономарев пен Щербак оны 25-ке де жеткізді. Қостанай ұжымы бар күш-жігерін жинап, есеп айырмасын 25 ұпайдан 16 ұпайға дейін қысқарты. Бірақ матчтың бірінші жартысының соңында Асқар Майдекин мен Максим Марчуктің нәтижелі ойындарынан кейін “Астана”өз басымдығын қайтадан жиырма ұпайға жеткізді – 46:26.

Вадим Щербак

Үшінші кезеңді “Тобыл” біршама ширақ бастады. Олар серпіліс жасап (0:7), есеп айырмасын біршама қысқартты. Тек осыдан кейін ғана біздің ойыншылар осы кезеңдегі алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Допты Антон Пономарев салды. Содан кейін ойын тең дәрежеде өрбіп, есеп айырмасы көп өзгерген жоқ. Кезеңнің бел ортасынан кейін Роберт Пан алғы шепте белсенділік танытты, ойыннан ұпай еншілей алмаса да, 8 рет қатарынан айып соққысын мүлтіксіз орындады. Бұдан кейін Руслан Айтқали үш ұпайлық дәл соққысымен есеп айырмасын қайтадан жиырма ұпайға жеткізді. Ал бұл кезеңнің нүктесін Роберт Пан қойды – 72:48. «Астана» үшін есеп айырмасы, арқаны кеңге саларлықтай, 24 ұпай болса да, біздің жігіттер төртінші кезеңнің басында қамшыны тағы да басты. Асқар Майдекин 4 ұпай еншілесе, Руслан Айтқали тағы бір үш ұпайлық соққысын шығыршыққа дөп түсірді. Осыдан кейін біздің команданың басымдығы 30 ұпайдан асып кетті. Қостанай ұжымы тағы бір рет серпіліс жасап, соңғы кезеңнің ортасында есеп айырмасын қысқарта түсті. Алайда бұл серпіліс те астана командасының жеңісіне ешқандай да қауіп төндіре алмады. Астаналық гандикап 20 ұпайдан артық болатын, ал ойынның аяқталуына бірнеше минут қана қалған. Осы қалған минуттарды “Тобыл” нәтижесіз өткізіп, ал біздің “алыптар” көсіле сілтеді. Матч соңында өз еншілеріне Асқар Майдекин мен Роберт Пан ұпайлар қосты. “Астана” ірі есеппен жеңіске жетті – 95:61.



Салдары: “Астана” «А» тобында бірінші орынға ие болып, жартылай финалға қиналмай шықты. “Тобыл” жартылай финалға екінші орынмен шықты.

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – Роберт Пан осы матчтағы ең тиімді ойыншы болды, ол 19 ұпай еншілеп, 8 рет доп қағып алды, 5 пас беріп, 3 рет допты тартып әкетті. Асқар Майдекин 14 ұпай жинады, 6 рет доп қағып алды, 2 пас беріп, 3 рет допты тартып әкетті. Максим Марчук өз есебіне 11 ұпай жазды, 4 рет доп қағып алды және 3 рет допты тартып әкетті. Вадим Щербак бүгін 15 ұпай олжалады, ал Николай Бажин ойынды он ұпаймен аяқтады.
  • «Тобыл» – қостанайлықтар сапында әдеттегідей Антон Быков ерекше көзге түсті – 19 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 1 блокшот. Даниил Селезнев 12 ұпай жинап, 4 рет доп қағып алды және 2 рет допты тартып әкетті.


Келесі матч: Бір күн дем алған соң біздің жігіттер жартылай финалда Ақтаудың «Каспий» командасымен додаға түседі. Бұл матч дүйсенбі күні, яғни 15 наурызда өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2003 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Қазақстан Арена: ССК «Қостанай»
Қала: Қостанай Сайт: www.bctobol.kz

Сипаттамасы

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
    Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
    Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2017/2018, 2019/2020, 2020/2021
    Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
    Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
    Жоғарғы лиганың қола жүлдегері: 2014/2015
    Қазақстан кубогының иегері: 2005 ж
    Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 219, 2020
    Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018 

Команданың жалпы суреті

Тобыл