«Астана» баскетбол клубы мен Қостанайдың «Тобылы» 2021 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалы жолдамасына қол жеткізіп те қойған. Сенбі күні, 13 наурызда өтетін екеуара матчта аталмыш доп додасының шешуші кезеңіне қайсы қай орынмен топтан шығатыны шешіледі. Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:30-да.
«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан. 2003 жылы құрылған.
Жетістіктері:
Біздің команда Ұлттық лиганың негізгі додасында Қостанай ұжымымен екі рет кездесіп, екеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сонымен қатар, 2020 жылғы Қазақстан кубогының финалында дәл осы «Тобыл» астана командасыны қарсыласы болған. Бұл матч былтырғы жылдың қараша айында өтіп, онда біздің жігіттер аса қиналмай жеңіске жеткен.
Команда көшбасшылары: Ел кубогы додасын өткізу Ережелерінің шарттары бойынша тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншылар ғана қатысатын талап «Тобыл» үшін қиналатын мәселе емес. Бір жағынан тіпті оларға берілген басымдық та деуге болады. Өйткені биылғы маусымда Қостанай командасының құрамы тек қана Қазақстан ойыншыларымен жасақталған. Сондықтан, кубок додасындағы ойындарға олар өз күштерін 100% толықтай жұмылдыра алады. “Тобылдың” ең үздік көшбасшысы – Қазақстан құрамасының ойыншысы Антон Быков. Сондай-ақ, “Ұлы дала Арландарының” тағы бір өкілін атап өтуге болады – плеймейкер Шайым Қуанов. Әрі «Астананың» жаттықтырушылары құрамына Қостанай ұжымының негізін қалайтын Максим Воейков, Павел Ильин, Дмитрий Климов және Константин Двирный секілді тәжірибелі ойыншыларға да көңіл аудару керек.
Матч сенбі күні, 13 наурызда Щучинскідегі «Жақсы-2» спорт базасы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |