Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2022
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
09.02.2022, 17:00 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
66:70
Негізгі уақыт
26:18 20:19 5:12 15:21
Ойын нөмірі: 10
Көрермен: 0
Атырау Барыстары
Атырау

«Астана» Қазақстан кубогындағы шешуші матчты «Атырау Барыстарымен» өткізеді

09.02.2022, 10:00    Просмотров: 148
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

9 ақпан күні, Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында Қазақстан кубогы додасының шешуші ойыны өтеді. «Астана» және «Атырау Барыстары» баскетбол клубтары арасындағы осы матчта бас бәйге тағдыры шешіледі. Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:00-да.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларын өтінеміз.

«Атырау Барыстары»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017
  • Жоғары лига жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан кубогының иегері: 2009
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Баскетбольный клуб Барсы Атырау 2021/2022

“Барыстардың” құрамы бұл турнирде әжептәуір селдіреп қалды. Ұлттық лига матчтарында олардың негізгі көшбасшыларына айналған америкалықтар Джордан Уатсон мен Донте Ламонт МакГилл, сондай-ақ беларустар Денис Викентьев пен Андрей Рогозенко Кубок додасына қатысуға құқылы емес. Олар жоқ та команданың көшбасшысы Владимир Иванов болып жүр. Сондай-ақ, капитан Рустам Өтеген мен Роман Марчукті де атап өткен жөн.

«Атырау Барыстары» да басқа командалар секілді Қазақстан чемпионаты ойындарында біздің команданы бірде-бір жеңе алмады. Бүгінге дейінгі екеуара кездесулер есебі бойынша алда «Астана» – 4:0.

Ал ел Кубогы додасына келсек, біздің жігіттер де, атыраулықтар да шешуші ойынға жеңіліссіз жетіп, қалған үш ойындарын жеңіспен аяқтады. Әйтсе де, «Астана» турнир кестесінде алдағы қарсыласынан доп айырмасы бойынша жоғары тұр.

Матч сәрсенбі күні, 9 ақпанда  Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:00-де. Ойынның онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» Қазақстан кубогының шешуші матчында «Атырау Барыстарына» есе жіберді

09.02.2022, 21:00    Просмотров: 178
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы өз тарихында бірінші рет Қазақстан кубогы додасында жеңіліске ұшырап, шешуші матчта «Атырау Барыстарынан» ұтылып, бас бәйгеге қол жеткізе алмады

Матч біз үшін сәтті басталды. Николай Бажин бірінші шабуылда-ақ үш ұпайлық дәл соққысымен есеп ашты, ал Рустам Мырзағалиев команда қоржынын тағы бір үш ұпайлық соққысымен ұлғайтты. «Барыстар» тек осыдан кейін ғана алғашқы ұпайларын еншіледі. Біздің жігіттер болса, үш ұпайлық доға сыртынан “атқылап”, бірінші кезенің ортасына дейін Олег Балашов үш мүмкіндігін мүлтіксіз орындады. Ойынның бес минутынан кейін «Астана» сегіз үпай айырмасымен алда тұрды. Бұдан соң Олег Балашов тағы екі ұпай еншіледі. Ал бұл біздің команданың алыстан салмаған бірінші добы болды. Содан соң біздің алыстан атқылайтын артилериямыз тағы да іске қосылды – бұл жолы Николай Бажин мен Рустам Мырзағалиев екі рет доға сыртынан мергендік танытты. “Барыстар” да ұпай еншілеп отырды, бірақ олар дәл осы сәтте 10 ұпай ацырмасымен ұтылып жаты. Кезең соында атыраулықтар көсіле сілтеді. Бірақ кезең нүктесін Рустам Мырзағалиев қойды, әрі тағы да үш ұпайлық шептен – 26:18. Екінші кезеңнің басында біздің лақтырған доптарымыз шығыршыққа түспей қойды. Ал қарсыласымыз нәтижелі ойын қрнегін көрсете бастады. Осыған байланысты ойынға Дарко Руссоға араласуға тура келді. Тайм-ауттан кейін біздің ойыншылар екі шабуылды сәтті аяқтап, Дмитрий Гаврилов пен Олег Балашов екі ұпайдан еншіледі. Бірақ “Барыстар” да тізгін тартқан жоқ, әрі өкшемізді басып отырды. Кезең ортасында қоржынымызға тек Дмитрий Гаврилов ұпай салып отырды – бесеу. Ал осы уақыт аралығында “Барыстар” бізге екі ұпайға дейін жақындады. Ойынның бірінші жартысыны соңғы минуттарында сары-көкшіл жейдеділер қарсыластарына қарағанда нәтижелі ойын үлгісін көрсетті. Доп салғандар – Балашов, Мырзағалиев, Марчук жәнеи Бажин. Біздің басымдығымыз тағы да екі таңбалы санға жетті, әрі біз матчтың бірінші бөлігінде басым түстік – 46:37.

Баскетбольный клуб Астана — Кубок Казахстана 2022

Бұл матчтың жай ғана ойын болмасы белгілі еді. Әрі оның бірінші жартысы  “Атырау Барыстарының” осы кездесуге тыңғылықты дайындалғандарын көрсетті, олар алаңдағы әрбір сәтте доп үшін жан ұшыра таласты. Матчтың бірінші жартысында біздің команда олардың тегеурінді қарсылығынан басым түскенімен, үшінші кезеңде төтеп бере алмай қалды. Біздің ойыншылар қорғаныста тәп-тәуір ойнады. Соның арқасында атыраулықтар көп доп сала алмай, нәтижелері төмендеп кетті. Өкінішке қарай, «Астананың» шабуылы мүлде үйлеспей, нәтижеміз бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда төрт есе кем болып шықты. Ойынның екінші жартысындағы алғашқы ұпайларды тағы да Рустам Мырзағалиев еншіледі, әрі тағы да алыстан. “Барыстарға” да доп салу қиынға түсті. Әйтсе де, олар есеп айырмасын едәуір қысқартты. Олег Балашов орта қашықтықтан мергендік танытты, бірақ бұл біздің соңғы салған добымыздан төрт жарым минут уақыттан кейін жүзеге асты. Әрі Олегтің нәтижелі шабуылы біздің ұжым үшін осы кезеңдегі соңғысы болып шықты. «Барыстар» “Астананы” үшінші кезеңде қуып жете алмады. Бірақ соңғы кезең қарсаңында небәрі екі ұпай айырмасымен ғана ұтылып жатты – 51:49. Жағдайды ушықтыра түскені, төртінші кезеңнің басында “Барыстардың” әуелі есепті теңестіріп, содан кейін алға шығып кеткендері болды. Дарко Руссо алған кезекті тайм-аут та жағдайды түзеуге септігін тигізе алмады. Бірақ осы кезеңдегі алғашқы добымызды дәл осы бір минуттық паузадан кейін салдық – Рустам Мырзағалиев тағы да үш ұпай әкелді. “Барыстар” жеткізбей, тіпті есеп айырмасын сәл ұлғайта түсті. Бірақ Максим Марчук пен Николай Бажин салған үш ұпайлық доптардан кейін, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда, есеп айырмасы бір ұпайды ғана құрады. Ал Бажиннің кезекті екі ұпайынан кейін “Астана” тіпті алға да шықты. Одан кейін Максим Марчук бірден біздің басымдығымызды екі ұпайға арттырды. Атыраулықтар айылдарын жимай, қыспаққа ала түсті. Әрі екі шабуылдарын сәтті аяқтап, қайтадан бір ұпай айырмасымен алға шықты. Ойынның аяқталуына үш минут уақыт қалған. Оның екеуінде қос команда ешқандай нәтиже шығара алмады. Ал соңғысында “Атырау Барыстары” бірнеше маңызды ұпайлар еншілеп, матчтың аяқталуына отыз секунд қалғанда, бес ұпай айырмасымен алда тұрды. Рустам Мырзағалиев екі айып соққысын орындап, есеп айырмасын үш ұпайға дейін қысқартты. Әрі біздің ұжымның ойын тізгінін өз қолдарына алатын мүмкіндігі болды. Алайда біздің шабуылымыз сәтсіз болып шығып, “Атырау Барыстыр” жеңіске жетті – 66:70.
 


Ең көп ұпай еншілегендер: 

  • «Астана» –  Рустам Мырзағалиев бүгін де біздің сапымыздағы үздік ойыншы болды – 21 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 5 пас, 3 рет допты тартып алды. Олег Балашов 17 ұпай жинап, 7 рет доп қағып алды, 2 пас берді. Николай Бажин 14 ұпай еншілеп, 6 рет доп қағып алды, 2 рет допты тартып алды. Максим Марчук пен Дмитрий Гаврилов 7 ұпайдан жинады, әрі Максим 9 рет доп қағып алды, ал Дмитрий 6 рет доп қағып алып, 3 пас берді және 2 блокшот.
  • «Атырау Барыстары» – Рустам Өтеген ерекше көзге түсті – 24 ұпай, 11 рет доп қағып алды, 2 пас, 2 рет допты тартып алды. Сондай-ақ Владимир Иванов, Әділхан Марат және Роман Марчук команда жеңісіне көп үлес қосты.


Салдары: “Астана” бірінші рет Қазақстан кубогында жеңіліске ұшырап, биыл бас бәйгені “Атырау Барыстарына” беріп қойды да, екінші орынды қанағат тұтты.

Баскетбольный клуб Астана — Кубок Казахстана 2022

Келесі матч: Алдағы демалыс күні, яғни 13 ақпанда сары-көкшіл жейдеділер түзде, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, Мәскеудің ЦСКА командасымен кездеседі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2005 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: AIROM ARENA
Қала: Атырау Сайт: www.bcbarsy.kz

Сипаттамасы

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

«Атырау Барыстары» баскетбол клубы 2003 жылы құрылды. Бұған 2001 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясының құрылуы ұйытқы болды. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен «Атырау Барыстары» командасы құрылды.

Жетістіктері:
  • Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020, 2020/2021, 2021/2022
  • Жоғары лигасының жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан Кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Команданың жалпы суреті

Атырау Барыстары