Клуб

Әкімшілік

Самсон Аракелян
Бас директор
Туған күні: 28.03.1978 (46) Туған жері: Ақтау, Қазақстан Телефон: +7 (7172) 493 875 E-mail: s.arakelyan@pbcastana.kz

Аракелян Самсон Геворгұлы – 2022 жылдың 13 мамырында «Астана» кәсіпқой баскетбол клубының Бас директоры қызметіне клубтың Жалғыз құрылтайшысының, яғни «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ-ның шешімімен тағайындалды.

Спорт саласындағы жұмысын Маңғыстау облысында республикалық баскетбол федерациясы филиалын құрудан бастаған, 2008 жылы президент лауазымында.

2008 жылы Самсон Аракелян бұқаралық облыс спортына инвестиция тартып, Маңғыстауда Баскетболдан оқушылар лигасы додасын өткізуге «ЕРСАЙ» компаниясымен ұзақ мерзімді (12 жылдық) демеушілік келісімге қол қойған. Осы оқушылар лигасына 6000 астам балалар қатысқан. Бұл жоба бұқаралық сипатынан бөлек, спортқа дарынды балаларды іріктеп алуға мүмкіндік берді. Оқушылар лигасының 20 түлегі ҚР СШ атағын алып, 10 бала ҚР жастар және ересектер арасындағы құрамаларына тартылды.     

2010 жылы Ақтау қаласының жағалаудағы көше баскетболы алаңын қайта құру үшін демеушілік қаржы тартып, өз қаражатын да жұмсаған. Алаң жастардың урбан қозғалысы орталығына айналады. Бұл алаңда баскетбол турнирлерінен бөлек, би фестивалдары, шағын футбол додалары, ашық фитнес сабақтар, сондай-ақ кәсіпқой спортшылардың шеберлік сыныбтары өткізіледі.

2013 жылы Самсон Аракелян ҚР Туризм және спорт министрлігі тарапынан «ҚР құрметті спорт  қайраткері» медальімен марапатталған.

2016 жылдан 2022 жылға дейін Ақтаудың «Каспий» баскетбол клубын басқарған. «Каспий» баскетбол клубы директоры қызметінде Самсон Аракелян негізінен жергілікті ойыншыларды, жаттықтырушыларды және жалпы клубты дамытуға күш салады. 2021 жылы Маңғыстау облысының әйелдер арасындағы «Каспий» командасы баскетболдан өз тарихында бірінші рет Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Халықаралық қызмет

Самсон Аракелян – FIBA (халықаралық баскетбол федерациясының) техникалық делегаты мәртебесі бар, Орта Азиядағы жалғыз өкілі. Бұл мәртебе Әлем кубогы мен Олимпиада ойындарының іріктеу додаларын өткізуді қадағалайтын мамандарға беріледі. Соңғы үш жылда оның қатысуымен FIBA 20-дан астам реми матчтары қйымдастырылды: Катарда, Филиппинде, Үндістанда, Сауд Арабиясында, Ливанда, Қытайда, Иранда, Иорданияда.
 



БАЙЛАНЫСТАР:

Телефон: 8 (7172) 49 25 31
E-mail: s.arakelyan@pbcastana.kz

Жаңалықтар