Клуб

Комплаенс

«Астана» кәсіби баскетбол клубы» ЖМ ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі бөліміне қош келдіңіздер. 

«Астана» баскетбол клубы адалдық пен ашықтықты құруға және Клубта сыбайлас жемқорлықтың белең алуына төзімсіздік танытуға талпынады.

Клубта сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау жөнінде шаралар қолға алынды және жүзеге асырылып жатыр, олар ішкі құжатнамаларды жетілдіру жөніндегі кешенді және жүйелі шараларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдауларды жүргізуді, жұмысшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы заңнамаларын үйретуді қарастырады.

ЕГЕР СІЗГЕ:

  • дайындалып жатқан немесе жүзеге асырылған сыбайлас жемқорлық, айлакерлік және жымқыру фактілері жайлы;
  • лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттіктерін асыра сілтеу жайлы;
  • «Астана КБК» ЖМ іскерлік беделіне материалды залал және зиян келтіруі мүмкін немесе келтіретін басқа да іс-әрекеттер жайлы


қандай да бір ақпараттар белгілі (мәлім) болса, бірден мына электронды пошта арқылы хабарласуыызды өтінеміз: complianceofficer.pbca@gmail.com.