Самсон Аракелян: «Лигадан кері байланыстың маңызы зор»

19.11.2022, 18:00    Оқылғаны: 690
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас директоры Самсон Аракелян Мәскеудің ЦСКА-на қарсы матчқа келген ВТБ Бірыңғай лигасының президенті Сергей Кущенкомен кездесуден кейінгі әсерін бөлісті.

- Бұл адамға қарап, мен көптеген нәрседе бой түзеп, еңсе тіктедім. Ресейдегі ең танымалы менеджер Еуропада да біраз танылды. Оның Пермьде жасаған жаңалықтары мен үшін үлгі.

Кездесу өте жақсы өтті. Мен үшін жаңа басшы және клубтың жұмысына өзгеріс енгізген адам ретінде лиганың баға беруі, біз қазір клубтың жұмысына енгізіп жатқан кейбір нәрселерді мақұлдау немесе қабылдамауы маңызды болды. Бұл тұста кері байланыс өте қажет. Сондықтан мен Сергей Валентиновичке келгені үшін және жеке назары үшін ризамын.

Бонус ретінде, әрине, біз паркетті сынап көрдік және шағын жолдастық кездесу өткіздік. Сергей Валентинович бізді тағы да ұтып, 33 ұпай жинады, қателеспесем, 11 үш ұпай салды. Бұл адамның баскетболды шынымен жақсы көретіндігінің мысалы әрқилы. Мұндай кездесулер болашақта бірнеше рет өтеді деп үміттенемін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»