ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
Астана
Нұр-Сұлтан
ВТБ Бірыңғай лигасы, Плей-офф 1/4 финалы
10.05.2019, 17:00 Жм
Арена: Велотрек «Сары-Арқа» (Нұр-Сұлтан)
81:88
Негізгі уақыт
25:24 21:26 14:17 19:21
Ойын нөмірі:
Көрермен: 0
Химки
Химки

10 мамыр – «Астана» ширек финалда «Химкиді» қабылдайды

06.05.2019, 13:00    Просмотров: 148
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Жұма күні, 10 мамырда «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысындағы ширек финалдық ойынын өткізеді.

! — НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР:
 Құрметті жанкүйерлер, билет сатып алғандар көңіл бөліңіздер! Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 19:30-дан 17:00-ге ауыстырылды. Сатып алған билеттеріңіз жарамды. Матчтың басталу уақытының өзгертілуіне клубтың еш қатысы жоқ! Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
 

Естеріңізге сала кетейік, бұл жұптағы, кеше ғана Химкиде өткен бірінші ойында астана командасы жеңілістің кермек дәмін татты – 82:59 (24:17, 15:17, 22:13, 21:12). Химкиліктермен өз алаңында өтетін матч қарсаңында Эмиль Райковичтің шәкірттері қарсыласының алаңында екінші рет додаға түседі. Бұл ойын ертең, яғни 7 мамыр күні өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де.

Екінші ойынның «Астана» үшін өте шиеленісті болатындығына шүбә келтірмейміз. Бірінші ойында біздің ойыншыларымыз көп күш жұмсады. Психологиялық тұрғыда да оңай болған жоқ. Тынығып алуға уақыт аз. «Химки» болса, тағы да өз алаңында ойнайтындығы былай тұрсын, бірінші ойында жеңіске жетіп, жігерлене түсті. Әйтсе де, біздің команда намысты қолдан бермеуге тырысып, өрнекті ойын үлгісін көрсетеді. Екінші ойынның нәтижесі 10 мамыр күні Нұрсұлтан қаласында өтетін үшінші матчқа көп әсер етеді. Егер, 7 мамыр күні «Астана» жеңіске жетсе, онда жалпы есепте таразы басын теңестіріп, өз алаңында көсіле сілтейтіні анық. Ал тағы да ұтылып қалса, онда 10 мамыр күні өтетін матч жартылай финал жолдамасы үшін додаға түсудің ең соңғы мүмкіндігі болады. «Астана» мен «Химки» арасындағы ширекфиналдық текетірес туралы толығырақ мәліметтер біздің сайтымыздың құлақтандырмасында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, сіздің сүйікті командаңыздың ойынға киетін киімдері жиынтығын ұтып алатын тамаша мүмкіндігіңіз бар.

Жұма күні жанашыр жанкүйерлеріміздің бәрін «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарында күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:00-де. Матч билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде мен Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» ВТБ лигасы маусымын ширек финалда «Химкиден» үшінші рет ұтылып аяқтады

10.05.2019, 20:00    Просмотров: 168
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Нұр-Сұлтанда ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысындағы, «Астана» мен «Химки» арасындағы ширек финалындық үшінші ойын аяқталды. Өз жанкүйерлері қызу қолдап отырса да, астана командасы химкиліктерге есе жіберіп алып, биылғы маусымды аяқтады – 81:88 (25:24, 21:26, 14:17, 19:21).

Бұған дейінгі екі ойында Мәскеу облысы командасы жеңіске жеткен болатын. Яғни бұл матчтың осы жұптағы соңғы ойын болуы әбден мүмкін еді. Басқа жұптарда ЦСКА үш рет  «Нижний Новгород» клубын тізе бүктірсе, УНИКС үш ойында «Калев» командасынан басым болды. Ал «Локомотив» – «Зенит» жұбында тартысты дода әлі жалғасып жатыр, жалпы есеп – 2:1. Ертең, 11 мамыр күні Санкт-Петербургте төртінші ойын өтеді, мүмкін ең соңғысы болуы да.



Бірақ біз өз жұбымыздағы додаға оралайық, «Астана» үйдегі ойынға дейін 0:2 есебімен ұтылып жатқан. Сондықтан бұл соңғы мүмкіндік еді. Әрине, ойыншылар да мұны жете түсініп, бүгін 100% бар күш-жігерлерін салды. Бүгінгі ойын жағымды тосын сыймен басталып, Қазақстан командасының бас бапкері Эмиль Райкович ВТБ Бірыңғай лигасының 2018/2019 жылдар маусымындағы ең үздік жаттықтырушысы жүлдесін алды. Бұл біздің команданың ойын өрнегіне жақсы қырынан әсер етті, әрине. Алайда қонақтар екеуара доданы төртінші матчқа созғылары келген жоқ. Олардың да жеңіске деген құштарлықтары оразан зор болды.

Есепті Майкл Дженкинстің мүлтіксіз орындалған үш ұпайлық соққысымен, «Астана» ашты. Алғашқы минуттарда «Астана» нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Шабуылдарының барлығы дерлік сәтті аяқталып отырды. Мәскеу түбінен келген команданың матч басында ойыны жүрмей, Римас Куртинайтис төртінші минутта, 9 ұпай айырмасымен ұтылып жатқанда тайм-аут алуға мәжбүр болды. Бірақ бір минуттық үзіліс қонақтарға көп көмектеспеді. Мүмкін олар алаң иелерін тұсаулап ұстауда сауатты ойын өрнегін көрсете бастаған да болар. Алайда «Астана» өз басымдығын уысынна шығармай, бірінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда 11 ұпай айырмасымен алда тұрды. Міне, осы соңғы екі минутта химкиліктер бар күш-жігерлерін салып, ойын өрнегін өзгертіп, ұпай айырмасын белсенді түрде қысқарта бастады. Десек те, алаң иелерін қуып жете алмады, алайда бірінші 10-минуттықта небәрі 1 ұпай айырмасымен ғана ұтылды. Екінші кезеңде «Химки» бүкіл алаң бойы прессинг қолдануын бәсеңсіткен жоқ. Бірақ «Астана» Мәскеу облысынан келген команданың дөрекілеу ойындарына қарсы аянған жоқ. Әйтсе де, үш минуттан кейін химкиліктер осы ойында бірінші рет алға шықты. Табан тірескен дода жалғаса түсіп, Қазақ елі командасы тағы да алға шықты. Бірақ ұзақ тұра алмады. Алайда «Химки» ойыншылары да есеп айырмасын көп ұлғайта аламады. Матчтың бірінші жартысының соңғы секундтарында Энтони Клеммонс есепті мейілінше қысқартты. «Астана» бұл кезеңде ұтылды – 48:50.



Үшінші кезең алғашқы екеуіндей аса жоғары жылдамдықта басталған жоқ. Әрі екі команданың да қарқындары басылыңқырап қалды. Сондай-ақ техникалық кедергілердің де өте көп болғандығын атап өтуге болады, бұл да ойын жылдамдығын асыра түспеді. Үшінші кезеңдегі нәтиже де аса жоғары болмады. Әйтсе де, ойын қайтадан шиеленісе түсіп, доп додасы мейілінше қызды. Александр Жигулин үш ұпайлық добын шығыршықа дәл түсіріп, өз командасын алға шығарғанда, алаңдағы жағдай өзгеріп сала берді. Бірақ біздің команда жеңісті есепті ұстап тұра алмай, үшінші кезеңде де ұтылып қалды. Бірақ небәрі үш ұпай айырмасымен есе жіберіп алды. Ал үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Химки» бес ұпай айырмасымен ғана ұтып жатты – 62:67. Сөйтіп, ойынның бар тартысты бәсекесі төртінші кезеңге ойысты. Соңғы кезең химкиліктердің ойын ережесін тым жиі бұзуымен басталды. Өкінішке қарай, біздің ойыншылар айып сызығынан лақтырған доптарының бәрін бірдей дөп түсіре алмады. Соның кесірінен «Химкиді» қуып жетудің сәті түспеді. Қым-қуыт ойын өрнегінде екі команда да өрескел қателік жібермеуді ойлады. Алайда, «Астана» доп лақтырғанда, көп қателесті. Сондықтан, есеп айырмасы 10 ұпайдан да асып кетті. Эмиль Райкович химкиліктердің қарқынын тайм-аут алып үзді. Қазақстан командасы есеп айырмасын 5 ұпайға қысқартып, дода көрігін қайтадан қыздыра түсті. Ал ойынның аяғы шектен тыс шиеленісті болды. Бапкерлер тағы да бір реттен тайм-аут алды. Әйткенмен, «Химки» өз басымдығын уысынан шығармай, шытырманға толы ойында жеңіске жету жолын тапты – 81:88.

Мәскеу түбінде өткен ойындармен, әсіресе екіншісімен, салыстырғанда, бүгін «Астанның» ойын барысында соққыларын жүзеге асыруы, әсіресе матчтың бірінші жартысында әлдеқайда жоғары болды – 61%. Бірақ матчтың бірінші жартысында қарсыласына есе жіберген тұсы, ол шығыршық түбіндегі ойыны болды. Шығыршықтан қайтқан допты қағып алудан «Химки» «Астанадан» әлдеқайда асып түсті. Бұл біздің қарсыласымыздың ұпай еншілеулеріне екінші мүмкіндік беріп отырды. Салыстыру үшін айтар болсақ, «Химки» кездесудің бірінші жартысында екінші мүмкіндіктен 12 ұпай еншіледі. Ал «Астана» – 0. Міне, матчтың бірінші бөлігінде ұтылып қалудың басты себебі осы болды. Кездесудің екінші жартысы шектен тыс шиеленісті өтіп, командалар көп қателесті. Төртінші кезеңде «Химки» ойын ережесін жиі бұзумен болды. Ал «Астана» ойыншылары айып сызығы бойынан өз мүмкіндіктерін түгелдей мүлтіксіз орындай алмады. Жалпы, «Астана» өз ойынымен жақсы әсер қалдырды. Бұл матч қонақтар үшін өте қиын болды. Көзге ұрғаны, Қазақ елі клубының барлық ойыншылары да, бапкерлері құрамы да, ойынның соңына дейін арпалысты, бұл матчқа орасан зор күш-жігерлерін жұмсады.
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана»:  Джей Джей О’Брайен (17), Энтони Клеммонс (15 + 8 пас), Кеннет Хортон (15 + 7 рет доп қағып алды). 
  • «Химки»:  Джордан Мики (25 + 8 рет доп қағып алды), Алексей Швед (20 + 5 пас), Стефан Маркович (12 + 7 пас).

«Астанның» бас бапкері – Эмиль Райкович:
— Бүгін біз тәп-тәуір ойын үлгісін көрсеттік. Біздің бұл матчта жеңіске жететін мүмкіндігіміз болды. Дегенмен, «Химки» жеңіске лайық болды. Мен өз жігіттерімді мақтан тұтамын, олар бұл маусымды клуб тарихындағы ең табыстысы ретінде өткізді. Келесі жылы «Астананың» жанкүйерлері және баскетбол сүйер әуесқойлары көп болады деп үміттенемін.

«Химкидің» бас бапкері – Римас Куртинайтис:
— Жартылай финалға шықанымызға қуаныштымын. Өз алаңымызда екі рет басымдық танытсақ та, оңай болмасын білдік. Өйткені, «Астананың» енді қателесуге құқы жоқ еді. Қарсыласымыздың ойыншылары мен бапкерлері құрамын атап өткім келеді – бұл серия бізге жеңіл болған жоқ. Сонымен қатар, үйдегі ойындар да, түзде де біздің команданың қорғанысы жақсы ойнағандығын атап өткім келеді.

Сөйтіп, астана командасы ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымдағы ойындарын аяқтады. Барлық жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, сіздерді енді Ұлттық лиганың плей-офф сатысындағы матчтарда күтеміз.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 1997 Клубтық түстері: сары, көк
Мемлекет: Ресей Арена: БО «Химки»
Қала: Химки Сайт: bckhimki.ru

Сипаттамасы

«Химки» – ресейдің ерлер арасындағы баскетбол клубы, Мәскеу облысынан.

Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2015, 2017, 2018
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2007
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2008
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы – 2010/2011
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2014/2015, 2016/2017, 2017/2018
  • ULEB Еуропа кубогының финалына шыққан – 2008/2009
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2005/2006
  • FIBA Еуролигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2004/2005
  • ВТБ Бірыңғай лигасы «Төртеу финалында» додаға түскен – 2009/2010
  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2011/2012, 2014/2015

Команданың жалпы суреті

Химки