10 мамыр – «Астана» ширек финалда «Химкиді» қабылдайды

06.05.2019, 13:00    Оқылғаны: 758
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Жұма күні, 10 мамырда «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф сатысындағы ширек финалдық ойынын өткізеді.

! — НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР:
 Құрметті жанкүйерлер, билет сатып алғандар көңіл бөліңіздер! Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 19:30-дан 17:00-ге ауыстырылды. Сатып алған билеттеріңіз жарамды. Матчтың басталу уақытының өзгертілуіне клубтың еш қатысы жоқ! Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
 

Естеріңізге сала кетейік, бұл жұптағы, кеше ғана Химкиде өткен бірінші ойында астана командасы жеңілістің кермек дәмін татты – 82:59 (24:17, 15:17, 22:13, 21:12). Химкиліктермен өз алаңында өтетін матч қарсаңында Эмиль Райковичтің шәкірттері қарсыласының алаңында екінші рет додаға түседі. Бұл ойын ертең, яғни 7 мамыр күні өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де.

Екінші ойынның «Астана» үшін өте шиеленісті болатындығына шүбә келтірмейміз. Бірінші ойында біздің ойыншыларымыз көп күш жұмсады. Психологиялық тұрғыда да оңай болған жоқ. Тынығып алуға уақыт аз. «Химки» болса, тағы да өз алаңында ойнайтындығы былай тұрсын, бірінші ойында жеңіске жетіп, жігерлене түсті. Әйтсе де, біздің команда намысты қолдан бермеуге тырысып, өрнекті ойын үлгісін көрсетеді. Екінші ойынның нәтижесі 10 мамыр күні Нұрсұлтан қаласында өтетін үшінші матчқа көп әсер етеді. Егер, 7 мамыр күні «Астана» жеңіске жетсе, онда жалпы есепте таразы басын теңестіріп, өз алаңында көсіле сілтейтіні анық. Ал тағы да ұтылып қалса, онда 10 мамыр күні өтетін матч жартылай финал жолдамасы үшін додаға түсудің ең соңғы мүмкіндігі болады. «Астана» мен «Химки» арасындағы ширекфиналдық текетірес туралы толығырақ мәліметтер біздің сайтымыздың құлақтандырмасында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, сіздің сүйікті командаңыздың ойынға киетін киімдері жиынтығын ұтып алатын тамаша мүмкіндігіңіз бар.

Жұма күні жанашыр жанкүйерлеріміздің бәрін «Сарыарқа» республикалық велотрегі трибуналарында күтеміз (Қабанбай батыр даңғылы, 42). Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:00-де. Матч билеттерін Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде мен Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»