«Астана» өз алаңында «Локомотив Кубаньмен» кейінге шегерілген ойынын өткізеді

14.02.2022, 10:00    Оқылғаны: 315
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Мәскеудегі ойнынан кейін, араға бір тәулік салып, өз алаңында, ВТБ Бірыңғай лигасындағы Краснодардың «Локомотив Кубань» командасымен кейінге шегерілген кездесуін өткізеді. Матч сейсенбі күні, 15 ақпанда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:00-де. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Өз алаңымызда өтетін матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларыңызды өтінеміз. Аренаға тек Солтүстік есіктен ғана кіруге болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы)


«Локомотив-Кубань» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еурокубок додасында да өнер көрсетеді.

Жетістіктері:

  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2012/2013
  • Ресей кубогының иегегері – 2000, 2018
  • РТЖ халықаралық кубогы жеңімпазы – 2007, 2008
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2017/2018
  • FIBA кубогының финалына шыққан – 2004/2005
  • EuroChallenge кубогының финалына шыққан – 2010/2011
  • Корач кубогының финалына шыққан – 2001/2002
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2013/2014
  • Еуролиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2012/2013
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2014/2015
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2000/2001, 2001/2002, 2011/2012, 2014/2015


Баскетбольный клуб Локомотив Кубань 2021/2022

Команда құрамы:

Маусым аралығында Краснодар командасы құрамын едәуір өзгертті. Кубанда легионерлерден тек америкалық Алан Уильямс пен серб Иван Паунич қалды. Соңғысы былтырғы жылдың қаңтар айында Краснодар командасынан кетіп қалған, бірақ биылғы маусымда қайтып келді. Айта кетуге тиіспіз, ол кезінде “Астана” сапында ойнаған. Сондай-ақ, ресейлік бес ойыншы командада қалды – Станислав Ильницкий және жас ойыншылар Владислав Емченко, Валерий Калинов, Андрей Мартюк, Кирилл Елатонцев. Ал командадан кеткендер – америкалықтар Дрю Гордон, Найджел Уилльям-Госс, Уилл Каммингс, Реджи Линч және Кевин Херви. Сонымен қатар, литвалық Мантас Калниетис пен Миндаугас Кузминскас та командадан кетіп, “Зенитке” ауысты. Әрі Краснодар командасы ресейлік бірнеше жас ойыншысын да өз құрамына тіркемеді – Григорий Мотовилов, Егор Сычков, Данил Шеянов және Кирилл Коробко.

ВТБ Бірыңғай лигасы жанкүйерлеріне кеңінен танымал америкалық қорғаушы Эрик Макколум биылғы маусымда “Химкиден” «Локо» сапына ауысты. Ал бұған дейін ол Қазанның УНИКС, Түркияның “Галатасарай” және “Анадолу Эфес”, Қытайдың “Бэйцзин Роял Файтерс” және “Чжэцзян Голден Буллз”, Грекияның “Панионис” және “Аполлон”, Израильдің “Элицур” және “Хапоэль Кфар-Сава” клубтарында ойнаған. Маусым басынан бастап командаға Еурокубок жеңімпазы, яғни америкалық шабуылшы Стэнтон Кидд қосылды. Бұған дейін Американың “Юта Джазз”, Бельгияның “Лимбург Юнайтед”, немістің “Тайгерс Тюбинген”, түріктің “Дарушафака” және “Орманспор”, Австралияның “Мельбурн Юнайтед”, Израильдің “Хапоэль Иерусалим” командаларында өнер көрсеткен – ойыншы. Команда құрамын толықтырған америкалық шабуылшы Грег Уиттингтон да – халықаралық карьерасы өте бай баскетболшы. Ол өз елінде NBA-дағы “Денсер Наггетс” және NBA Жетілу лигасындағы “Су-Фолс Скайфорс” клубтарында шыңдалған. Сондай-ақ, Австралияның “Сидней Кигз”, Жапонияның “Леванга Хоккайдо”, Израильдің “Хапоэл Гилбоа Галил” және Түркияның “Галатасарай” командаларында ойнаған. Грег – NBA Жетілу лигасының чемпионы. Америкалық шабуылшы Джонатан Мотли бұған дейін NBA-дағы “Даллас Маверикс” және “Лос-Анджелес Клипперс” клубтарында, сондай-ақ олардың NBA Жетілу лигасындағы “Техас Леджендс” және “Агуа Калиенте Клипперс” сынды фарм-командаларында өнер көрсеткен. Ал былтырғы маусымды Кореяның “Инчхон ИТ Лэнд Элефантс” ұжымында өткізді. Америкалық қорғаушы Дариус Томпсон «Локо» сапына келгенше, голланд елінің “ЗЗ Лейден” және Италияның “Бриндизи” клубтарында ойнаған. “Локомотив-Кубань” өз құрамына бұлардан бөлек ресейлік бірнеше жас ойыншыны тіркеді, олар бұған дейін де кубандықтар сапында төбе көрсетіп жүрген – Сергей Долинин, Захар Ведищев, Александр Щербене және Кирилл Парилов. Сонымен қатар, америкалық қорғаушы, NBA-ның екі дүркін чемпионы Куинн Кукті де атап өтуіміз керек. Ол үшін бұл – АҚШ аумағынан алыс бірінші маусым. Бұған дейін ол NBA-дағы “Даллас Маверикс”, “Нью-Орлеан Пеликанс”, “Голден Стэйт Уорриорз”, “Лос-Анджелес Лейкерс” және “Кливленд Кавальерс” клубтарында, әрі NBA Жетілу лигасындағы “Кантон Чардж” және “Санта-Круз Уорриорз” командаларында ойнақ салған. Алайда, Куинн “Локомотив-Кубань” сапында ұзақ жүрмеді, Кубань командасында бір ай ғана болып, 2022 жылдың 1 қатарында кетіп қалды. Ал біз үшін “Локомотива-Кубань” сапындағы жанымызға бататын жаңа ойыншы – америкалық Джейлен Барфорд. Ол биылғы маусымның жартысын “Астана” сапында өткізген.

Бас бапкер: Евгений Пашутин Кубань командасының бапкерлері құрамын былтырдан бері басқарып келді. Бірақ желтоқсан айында ресейлік маман мен краснодарлықтардың долдары екі айырылды. Ал “Локомотив-Кубань” клубының жаңа бас бапкері серб маманы Бранко Максимович болып бекітілді. Бранко 2021 жылдың ақпан айынан бері «Локо» клубының бапкерілері құрамында Евгений Пашутиннің көмекшісі болған. Ол бапкерлік карьерасын өз елінде бастап, Сербияның “Роднички Белград” деген жас командасы клубы жүйесінде ысылған. Одан кейін серб елінің “Црвена Звезда”, “НИС Войводина”, “Роднички Белград”, “Хемофарм” және “Роднички Крагуевац” сынды командаларыны бас бапкерлеріне көмекші болған. Сондай-ақ, Сербия U-19 және U-20 құрамаларының жаттықтырушылары құрамында тәжірибе жинаған. Ол бірінші рет бас бапкер болып, Словакияның “Баник Гандлова” командасында шыңдалған. Одан кейін осы елдегі “Интер Братислава” командасын да жаттықтырған. Бұдан соң, әрі «Локо» ұжымына дейін Сербияның “ФМП”, “Младость Адмирал” және “Вршац”, сондай-ақ Словакияның “Гандлова” клубтарында бас бапкер болған.

Команда көшбасшылары: Дәл қазір Краснодар командасының негізгі көшбасшысы – америкалық Эрик Макколум. Сондай-ақ көшбасшылар ретінде Джонатан Мотли және Дариус Томпсон сынды америкалықтарды да атап өтуге болады. Стэнтон Кидд пен Алан Уилльмс та өз жерлестерінен қалысып жүрген жоқ. Алайда, Алан ВТБ лигасы аясында үш ойын ғана өткізді, бірақ кубандықтардың соңғы ойынында алаңға шықты. Ресей ойыншыларынан қазір көзге түсіп жүргені – Андрей Мартюк. Сонымен қатар, Владислав Емченконы да бөле-жара атап өткен жөн, ол “Локомотив-Кубань” командасының ВТБ Бірыңғай лигасындағы барлық ойындарында алаңға шықты.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Локомотив-Кубань” маусым басында УНИКС-тен ұтылып, тартысты өткен ойында “Цмоки-Минск” ұжымын әупіріммен ұтты. Одан соң “Автодорды” тізе бүктіріп, “Зениттен” ойсырай ұтылды. Ал “Енисей” мен “Зелена Гурадан” басым түсті. Кубандықтар ЦСКА ұжымына төтеп бере алмай, ПАРМА-дан жеңісті жұлып алды. Бірақ “Нижний Новгородтан” ұтылып қалды. Ал күнтізбелік жаңа жылда бір ойын ғана өткізіп, “Калевтен” үстем түсті. Қазір олар турнир кестесінің алтыншы сатысына орналасқан. “Астана” болса, оныншы орында табан тіреп тұр.

Кездесулер тарихы: ВТБ Бірыңғай лигасында Қазақстан командасы мен Кубань ұжымы 13 рет додаға түскен. Бұл кездесулерде “Астана” небәрі төрт рет қана жеңіске жетті.

Қызықты деректер:

  • «Астананың» бұрынғы ойыншысы Джайлен Барфорд дәл осы матчта Краснодар ұжымы сапындағы алғашқы ойынын өткізетін шығар.
  • “Астананың” тағы бір экс-ойыншысы, яғни серб Иван Паунич те Нұр-Сұлтанда алаға шығуы әбден мүмкін.
  • Соңғы екі маусымда, “Астана” өз алаңында “Локо” ұжымынан ұтылған емес.


Матч сейсенбі күні, 14 ақпанда Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Аренаға кіру тек Солтүстік есіктен жүзеге асырылатын болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы), мына сызбаға сай:



Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»