«Астана» Қазақстан кубогындағы шешуші матчты «Атырау Барыстарымен» өткізеді

09.02.2022, 10:00    Оқылғаны: 149
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

9 ақпан күні, Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында Қазақстан кубогы додасының шешуші ойыны өтеді. «Астана» және «Атырау Барыстары» баскетбол клубтары арасындағы осы матчта бас бәйге тағдыры шешіледі. Матчтың басталуы – астана уақытымен 17:00-да.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларын өтінеміз.

«Атырау Барыстары»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Атырау қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017
  • Жоғары лига жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан кубогының иегері: 2009
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Баскетбольный клуб Барсы Атырау 2021/2022

“Барыстардың” құрамы бұл турнирде әжептәуір селдіреп қалды. Ұлттық лига матчтарында олардың негізгі көшбасшыларына айналған америкалықтар Джордан Уатсон мен Донте Ламонт МакГилл, сондай-ақ беларустар Денис Викентьев пен Андрей Рогозенко Кубок додасына қатысуға құқылы емес. Олар жоқ та команданың көшбасшысы Владимир Иванов болып жүр. Сондай-ақ, капитан Рустам Өтеген мен Роман Марчукті де атап өткен жөн.

«Атырау Барыстары» да басқа командалар секілді Қазақстан чемпионаты ойындарында біздің команданы бірде-бір жеңе алмады. Бүгінге дейінгі екеуара кездесулер есебі бойынша алда «Астана» – 4:0.

Ал ел Кубогы додасына келсек, біздің жігіттер де, атыраулықтар да шешуші ойынға жеңіліссіз жетіп, қалған үш ойындарын жеңіспен аяқтады. Әйтсе де, «Астана» турнир кестесінде алдағы қарсыласынан доп айырмасы бойынша жоғары тұр.

Матч сәрсенбі күні, 9 ақпанда  Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 17:00-де. Ойынның онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»