«Астана» Президенттік баскетбол клубы Ұлттық лига чемпионатының негізгі бөлігіндегі соңғы екі ойынын өз алаңында Көкшетаудың «Синегорье» клубымен өткізеді. Бұл ойындар 4 және 5 ақпан күндері елордада өтеді.
«Синегорье» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Көкшетау қаласынан. 2017 жылы құрылған.
Жетістіктері:
Алдағы екі матч тек «Астана» мен «Синегорье» үшін ғана емес, жалпы биылғы ел чемпионатының негізгі бөлігіндегі соңғы ойындар болады. Елорда және Көкшетау командалары арасындағы алғашқы екеуара матчтар 24 және 25 қазан күндері астанада өткен. Онда «Астана» екі рет айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын – 24 қазанда 81:55 есебімен, ал келесі күні 94:53 есебімен үстем түскен. Сол екі матч Көкшетау командасы үшін биылғы маусымдағы алғашқы ойындар болған. Содан кейін олар басқа командалармен екі мәрте қос матчтан тұратын кездесулер өткізіп шықты. Әрі солардың тең жартысында жеңіске жетті – 16 ойынның 8-інде. Көкшетаулықтар «Атырау Барыстарын» бірде-бір рет ұта алмады, екі рет «Тобылды» тізе бүктірді, үйде және түзде бір ойыннан. Сондай-ақ, «Ақтөбе» және «Каспий» командаларын үш реттен тізерлетті. Екеуінен де түздегі бір ойында ұтылып қалды. Негізі, алдағы екі ойын Көкшетауда өтуі керек болатын. Бірақ астана командасының ойындары бір-біріне қабаттасып келгендіктен, «Синегорье» өз алаңындағы ойындарды Нұр-Сұлтанға ауыстыруға келісті.
Турнир кестесіндегі жағдай: екі командада ел чемпионатының негізгі бөлігінде өз орындарын тапқан, яғни алдағы екі матч турнир кестесіне ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. «Астана» бірінші орынды меншіктеп алса, «Синегорье» төртінші орынға жайғасты.
Команда құрамындағы өзгеріс: Көкшетау командасының құрамы біршама өзгерген. Командадан украиналық орталық шеп ойыншысы Станислав Завадский кетіп қалды. Сондай-ақ қазақстандық ойыншылардың екеуі «Ақтөбеге» ауысып кетті – қорғаушы Азим Ягодкин және шабуылшы Александр Папшив. Команда сапын Қазақстан қорғаушысы Констанитин Нефф торлықтырды. Ол бұл маусымды «Ақтөбе» сапында бастаған болатын. Ал жақында команда сапына америкалық шабуылшы Карим Брютон қосылды.
Қарсыластың көшбасшылары: команда сапындағы ең тиімді ойыншы – ұжымнан кетіп қалған Станислав Завадский. Ал қазір бұл рөлді өзіне шабуылшы Роман Лагутин алып жүр. Ол орта есеппен әр ойында 17,4 ұпайдан еншілеп, 3,6 пастан беріп келеді. Шабуылшы Роман Марчук – біздің Максим Марчуктің ағасы, әр ойында 10 ұпайдан жоғары еншілеп жүр. Шығыршық түбінде Өзбекстанның орталық шептегі тәжірибелі ойыншысы Дмитрий Свиридов сенімді ақтап келеді. Ол көптен бері Қазақстан клубтарында ойнап жүр. Көкшетау командасының негізгі ойын үйлестірушісі – Вадим Коржов. Ол бір ойында орта есеппен, шамамен 4 нәтижелі пастан беріп келеді. Сонымен қатар, тәжірибелі шабуылшылар Василий Петришенца мен Станислава Рововойды да атап өткен жөн. Соңғысы бастапқы бестікке жиі ілігеді. Ал америкалық Карим Брютонға келсек, ол көкшеліктер сапында бір ғана ойын өткізді. Әйтсе де, 16 ұпай еншілеп, 7 ретт доп қағып алды.
Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері – 4 және 5 ақпада Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Екі ойынның да басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Кіру – тегін. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.
Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |