«Астана» баскетболшылары Польшада додаға түседі

28.10.2018, 08:00    Оқылғаны: 595
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Елода баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында бірінші рет лиганың жаңа командасымен, яғни Польшаның «Зелена Гура» клубымен  додаға түседі.

«Зелена Гура» – Польшаның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Зелена Гура қаласынан, 1946 жылы құрылған. 2013 жылы бірінші рет Польша чемпионы атанып, осы жетістігінің арқасында Еуролига додасы жолдамасына қол жеткізген.

Жетістіктері:
  • Польша чемпионы – 2013, 2015, 2016, 2017
  • Польша кубогының иегері – 2015, 2017
  • Польша суперкубогының иегері – 2015

Матч 29 қазан күні «Зелена Гура Холл» аренасында өтеді, басталуы – Астана уақытымен 23:50-де.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздағы Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Жалпы, толық ақпараттар, турнир кестесі, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі ойынын өз алаңында өткізеді. 5 қараша күні елорда баскетболшылары «Сарыарқа» велотрегінде Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»