ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
Зелена Гура
Зелена Гура
ВТБ Бірыңғай лигасы, Тұрақты біріншілік
29.10.2018, 23:50 Дс
Арена: Зелена Гура Холл (Зелена Гура)
82:91
Негізгі уақыт
14:23 21:20 18:26 29:22
Ойын нөмірі: RS-28
Көрермен: 0
Астана
Астана

«Астана» баскетболшылары Польшада додаға түседі

28.10.2018, 08:00    Просмотров: 21
Источник: Баспасөз қызметі
Автор: Әсем Миржекеева
Елода баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасы аясында бірінші рет лиганың жаңа командасымен, яғни Польшаның «Зелена Гура» клубымен  додаға түседі.

«Зелена Гура» – Польшаның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Зелена Гура қаласынан, 1946 жылы құрылған. 2013 жылы бірінші рет Польша чемпионы атанып, осы жетістігінің арқасында Еуролига додасы жолдамасына қол жеткізген.

Жетістіктері:
  • Польша чемпионы – 2013, 2015, 2016, 2017
  • Польша кубогының иегері – 2015, 2017
  • Польша суперкубогының иегері – 2015

Матч 29 қазан күні «Зелена Гура Холл» аренасында өтеді, басталуы – Астана уақытымен 23:50-де.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздағы Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі.

Жалпы, толық ақпараттар, турнир кестесі, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі ойынын өз алаңында өткізеді. 5 қараша күні елорда баскетболшылары «Сарыарқа» велотрегінде Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдайды.

«Астана» «Зелена Гураны» өз алаңындағы алғашқы матчта жасытты

30.10.2018, 08:00    Просмотров: 20
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Қазақтың «Астанасы» түзде Польшаның «Зелена Гура» клубынан басым түсті – 91:82 (23:14, 20:21, 26:18, 22:29). 

«Зелена Гура» бірінші рет өз алаңында ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы ойынын өткізген болатын. «Астана» олардың толқып, күйгелектік танытқандарын ұтымды пайдаланып, бірден алға шықты. 5 минуттың ішінде Кеннет Хортон мен Джей Джей О’Брайеннің шығыршық түбіндегі дәл соққыларының арқасында ұпай айырмасы ұлғайта түсті – 15:6. Польша командасының негізгі қаруы жүзеге аспай қалды деуге болады – ойынның бірінші жартысында доға сыртынан лақтырған 15 соққыларының 4-еуі ғана дөп түсті. Сөйтіп, Қазақстан чемпионы үлкен үзіліске дейін алға ұзап кетті – 43:35. 

Матчтың үшінші ширек бөлігі алма-кезек шабуылмен өтті. Мұндай ойында «Астана» өзін судағы балықтай сезінді. Қазақ елі клубы қарсыласын қауіпсіз аралықта ұстап, кездесудің осы бөлігі аяқталуға айналғанда шешуші соққы берді. Ойынға тың қосылған Максим Марчук әуелі үш ұпайлық айып соққысын орындауға қол жеткізіп, 30 секундтан кейін үш ұпайлық соққысын дөп түсірді. Есеп – 67:53. Сары-көк жейделілер соңғы 10-минуттықта жеңісті уыстарынан шығарған жоқ.


Керемет, «Астана» көпшілікті қайран қалдырып, төрт ойыннан кейін УНИКС және «Локомотив-Кубань» секілді азулы командалармен үзеңгі қағыстырып келеді (3-1). Ал поляктардың бұл маусымда бірінші рет жеңілісі басым болып тұр (1-2). 
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Зелена Гура»: Борис Савович (16 + 11 рет доп қақшып алды), Лукаш Кошарек (16 + 5 пас), Михал Соколовски (11). 
  • «Астана»: Джей Джей О’Брайен (23), Энтони Клеммонс (18 + 5 рет доп қақшып алды + 7 пас), Джеффри Гросселл (14). 

Матчтың үздік ойыншысы – Джей Джей О’Брайен. Шабуылшы кездесудің басынан аяғына дейін «Астананың» шабуылдағы ең тұрақты опциясы болды. О’Брайен ойын барысында 11 соққысының 8-ін дәл түсіріп, 23 ұпай еншіледі, 3 рет допты қақшып алып, 3 мәрте нәтижелі пас берді.

«Астана» келесі ойындарын өз алаңында өткізіп, 1 және 2 қараша күндері елордалықтар ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында Көкшетаудың «Синегорье» деп аталатын баскетбол клубын қабылдайды.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі кездесуін де өз алаңында өткізіп, 5 қараша күні елорда баскетболшылары Сарыарқа» велотрегінде Мәскеу облысының «Химки» клубын қабылдайды. Бұл матчтың билеттері Ticketon.kz сайтында сатылымға шығып та қойды.   

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құлылған жылы: 1946 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Польша Арена: Зелена Гура Холл
Қала: Зелена Гура Сайт: www.basketzg.pl

Сипаттамасы

«Зелена-Гура» – Поляк кәсіби ерлер баскетбол клубы, Зелена-Гура қаласынан.

Жетістіктері:
  • Польша чемпионы − 2013, 2015, 2016, 2017
  • Польша Кубогының жеңімпазы – 2015, 2017
  • Польша Суперкубогының жеңімпазы – 2015