ВТБ Бірыңғай лигасы 2024/2025
УНИКС
Казань
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
15.01.2025, 22:00 Ср
Арена: Баскет Холл (Казань)
104:57
Негізгі уақыт
27:16 29:12 22:12 26:17
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1427
Астана
Астана

Аңдатпа: УНИКС — Астана

14.01.2025, 17:00    Просмотров: 227
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Астаналықтардың қаңтардағы сапары жалғасады. Келесі аялдама – Қазан және, әрине, біздің қарсыласымыз жергілікті «УНИКС». Тағы да қарсыласпен жақынырақ танысайық.

Қатарынан тоғыз жеңіс

«Астана» мен УНИКС-тің соңғы өзара кездесуінен бері бір айдан астам уақыт өтті және сол кезден бері Велимир Перасович шәкірттерінің жағдайы тек жақсара түсті, команда 4 желтоқсаннан бері жеңілістің ащы дәмін татпай келеді. УНИКС астаналық қарсыласынан өзге, «Автодор» (68:86), «Пари Нижний Новгород» (102:66), екі рет «Зенит» (76:79, 75:71), МБА-МАИ (71:117), «Парма» (103:92) және «Уралмаш» (94:71) командаларын жеңді. Бұл команданың жақсы формада екенінен хабар береді және турнирлік кестеде екінші орында келе жатқан ұжыммен (20-5) ойында шынайы күреске дайын болу керектігін көрсетеді.

Орталық ойынша Джален Рейнольдстің сақина астында қандай мәселелер тудыруы мүмкін екендігін айтпаса да болады. УНИКС-тің соңғы екі ойынында («Енисей», «Уралмаш») оны тоқтату мүмкін болған жоқ (11.5 ұпай, 4.5 рет допты алу, 2.0 пас және тиімділігі үшін 14.5 ұпай). Осының арқасында ол ВТБ Бірыңғай Лигасы 6-12 қаңтар аралығындағы турының үздік бестігіне кірді. Содан бір апта бұрын дәл осындай жетістікке Маркос Найт қол жеткізген, ол команданың «Зенитті» жеңуіне көп үлес қосқан еді – 18 ұпай, 9 рет допты алу.

Одан бөлек, УНИКС допты тартып алу бойынша Лигада екінші орында келеді – 37.9. Бұл көрсеткіште көш басында – «Локомотив-Кубань» (38.6). Ал пастар саны бойынша қазандық команда чемпионатта үздіктер көшін бастап тұр – орта есеппен 489.0.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында екі команда өзара 25 кездесу өткізген, оның 23-інде жеңіске «УНИКС» жеткен. Ал екі ойын «Астана» пайдасына шешілген. «Астана» соңғы рет қазандық қарсыласын 2015 жылдың 14 наурызында 87:67 есебімен жеңген.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
  • «УНИКС» сынды қарсыласқа қарсы ойнай отырып, өз позицииясында ВТБ Бірыңғай лигасында үздік саналатын баскетболшылар жанында өзімізді сынап көруге мүмкіндік аламыз. Әлі де болса құраммен мәселелер бар, мұндай тығыз күнтізбе кезінде алмастыратын ойыншылардың көп болуы маңызды».
Матч: «УНИКС» – «Астана»
Күні мен уақыты: 15 қаңтар, 22:00  
Өтетін орны: Қазан, Баскет-Холл
Трансляция: клуб сайтында

Екінші ширек шешуші рөл атқарды

16.01.2025, 12:00    Просмотров: 189
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Кездесудегі алғашқы қадамды қазандық команда жасап, есепті бірнеше үш ұпайлық соққылармен ашқанына қарамастан, «Астана» ширекте лайықты күрес көрсете білді деуге болады. Мурзагалиевтің үш ұпайлық соққылары діттеген жеріне дәл жетті, Мотовисловтың пастар сәтті өтті, ал Андрей Десятников сақина үстінен соққылар жасады. Одан бөлек, Руслан Айтқали орталық аймақтан дәл соққылар жасап, есеп айырмасын бес ұпайға дейін қысқартты. Әрі қарай да осындай қарқынды сақтап қалу үшін Рейнольдске қарсы тұру керек еді, ал бұл оңай міндет емес. Алайда бұның да өзіндік оң тұстары болды, осының арқасында Владислав Исаенко матчтағы алғашқы ұпайларын еншіледі. 27:16 – бірінші кезең қорытындысы.

Екінші он минуттықта қазандық баскетболшылар алаңның екі бөлігіндегі қысымды арттыра түсті. Алайда «Астана» ойын қарқынына ілесе біліп, жақсы сәттерге ие болды. Әсіресе Андрей Десятниковтің Сергей Торопов арқылы жасаған мықты данкін ерекше атап өту керек. Бұл қазақстандық ұжымның ойындағы белсенділігін сақтап қалуына мүмкіндік берді. Алайда одан соң Велимир Перасович шәкірттері өздерінің мықтылықтарын сезініп, есепте айқын басымдықпен көш бастай бастады. Кездесудің алғашқы жартысының соңына қарай Дэниэл Утоми өзін жақсы көрсетті, оның степбек арқылы жасаған соққылары жүзеге асты, сонымен қатар Десятниковпен жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Командалар үзіліске 56:28 есебімен аттанды.

«Астана» үзілістен есептегі айырманы қысқартуға бел буып шыққанын көрсетті, алайда УНИКС қорғаныстағы жоғары деңгейдегі ойынын сақтап қалды әрі қарқынды шабуыл жасауын да тоқтатқан жоқ. Үшінші ширекті 13:6 есебімен бастаған алаң иелері басымдықтарын тек арттыра түсті. Григорий Мотовиловқа Маркос Найттың тосқауылынан сақина астына өтуі қиын болды. Алайда Сардал Абашидзе өзін шабуылда көрсете біліп, ширек соңына таман ерекше нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Үшінші он минуттық 78:40 есебімен УНИКС пайдасына аяқталды.

Ойынның қорытынды бөлігіндегі «Астана» міндеті – есеп айырмасын қысқарту болды. Глеб Плотников бастаған қазақстандық Мурзагалиев, Исаенко, Майдекин, Оразбеков пен Абашидзе бестігі осы мақсатқа қол жеткізді десе де болады. Әсіресе екі минут ішінде 7 ұпай еншілеген Асқар Майдекин ерекше көзге түсті. Дегенмен, УНИКС ойынды өз бақылауында ұстауды жалғастырып, жеңіске қол жеткізді.

УНИКС – «Астана» — 104:57 (27:16, 29:12, 22:12, 26:17)

 «Астана»: Даниэл Утоми (16 ұпай), Асқар Майдекин (14 ұпай)

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- УНИКС-ті жеңісімен құттықтаймын. Әр кез қазандық командаға қарсы ойнағанда, жоғары физикалық дайындықпен және атлетизммен бетпе-бет келеміз. Таблодағы есепке қарамастан, Александр Оразбековтің бойынан прогресс байқалады, Асқар Майдекин жақсы ойын көрсетті, ал Дэниэл Утоми әр матчта барын салып ойнайды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1991 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Казань Сайт: www.unics.ru

Сипаттамасы

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007, 2016, 2021
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/2014, 2018/2019, 2021/2022
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/2004
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/2011
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/2003
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/2010, 2011/2012, 2015/2016, 2020/2021
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11, 2018/2019, 2021/2022