Екінші ширек шешуші рөл атқарды

16.01.2025, 12:00    Оқылғаны: 48
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Кездесудегі алғашқы қадамды қазандық команда жасап, есепті бірнеше үш ұпайлық соққылармен ашқанына қарамастан, «Астана» ширекте лайықты күрес көрсете білді деуге болады. Мурзагалиевтің үш ұпайлық соққылары діттеген жеріне дәл жетті, Мотовисловтың пастар сәтті өтті, ал Андрей Десятников сақина үстінен соққылар жасады. Одан бөлек, Руслан Айтқали орталық аймақтан дәл соққылар жасап, есеп айырмасын бес ұпайға дейін қысқартты. Әрі қарай да осындай қарқынды сақтап қалу үшін Рейнольдске қарсы тұру керек еді, ал бұл оңай міндет емес. Алайда бұның да өзіндік оң тұстары болды, осының арқасында Владислав Исаенко матчтағы алғашқы ұпайларын еншіледі. 27:16 – бірінші кезең қорытындысы.

Екінші он минуттықта қазандық баскетболшылар алаңның екі бөлігіндегі қысымды арттыра түсті. Алайда «Астана» ойын қарқынына ілесе біліп, жақсы сәттерге ие болды. Әсіресе Андрей Десятниковтің Сергей Торопов арқылы жасаған мықты данкін ерекше атап өту керек. Бұл қазақстандық ұжымның ойындағы белсенділігін сақтап қалуына мүмкіндік берді. Алайда одан соң Велимир Перасович шәкірттері өздерінің мықтылықтарын сезініп, есепте айқын басымдықпен көш бастай бастады. Кездесудің алғашқы жартысының соңына қарай Дэниэл Утоми өзін жақсы көрсетті, оның степбек арқылы жасаған соққылары жүзеге асты, сонымен қатар Десятниковпен жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Командалар үзіліске 56:28 есебімен аттанды.

«Астана» үзілістен есептегі айырманы қысқартуға бел буып шыққанын көрсетті, алайда УНИКС қорғаныстағы жоғары деңгейдегі ойынын сақтап қалды әрі қарқынды шабуыл жасауын да тоқтатқан жоқ. Үшінші ширекті 13:6 есебімен бастаған алаң иелері басымдықтарын тек арттыра түсті. Григорий Мотовиловқа Маркос Найттың тосқауылынан сақина астына өтуі қиын болды. Алайда Сардал Абашидзе өзін шабуылда көрсете біліп, ширек соңына таман ерекше нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Үшінші он минуттық 78:40 есебімен УНИКС пайдасына аяқталды.

Ойынның қорытынды бөлігіндегі «Астана» міндеті – есеп айырмасын қысқарту болды. Глеб Плотников бастаған қазақстандық Мурзагалиев, Исаенко, Майдекин, Оразбеков пен Абашидзе бестігі осы мақсатқа қол жеткізді десе де болады. Әсіресе екі минут ішінде 7 ұпай еншілеген Асқар Майдекин ерекше көзге түсті. Дегенмен, УНИКС ойынды өз бақылауында ұстауды жалғастырып, жеңіске қол жеткізді.

УНИКС – «Астана» — 104:57 (27:16, 29:12, 22:12, 26:17)

 «Астана»: Даниэл Утоми (16 ұпай), Асқар Майдекин (14 ұпай)

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- УНИКС-ті жеңісімен құттықтаймын. Әр кез қазандық командаға қарсы ойнағанда, жоғары физикалық дайындықпен және атлетизммен бетпе-бет келеміз. Таблодағы есепке қарамастан, Александр Оразбековтің бойынан прогресс байқалады, Асқар Майдекин жақсы ойын көрсетті, ал Дэниэл Утоми әр матчта барын салып ойнайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»