«Уралмашқа» қарсы қиын ойын
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы маусымындағы соңғы матчтарының бірін өткізді.
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы биылғы маусымындағы соңғы матчтарының бірін Екатеринбургте жергілікті «Уралмаш» командасына қарсы өткізді. Алаң иелері ойынның алғашқы жартысын сәтті бастағанымен, артынша қазақстандық ұжым қарсыласты есепте қуып жете алды. Дегенмен, ойын алаң иелерінің пайдасына шешілді — 87:79.
«Астана» сапынан Карвел Андерсон (27 ұпай, 6 допты алу), Маркелл Джонсон (19 ұпай, 14 пас, 4 рет допты тартып алу), Джордан Скиппер-Браун (11 ұпай) мен Дэвин Дэвис (11 ұпай, 5 допты алу) матчтың үздік ойыншылары атанды.
«Алдымен команданы жеңіспен құттықтаймын, олар кезекті қиын ойында мінез көрсетіп, жеңіске жетті. Осы нәтижеге бұдан жеңілірек қол жеткізгенімізді қалаймын, негізгі ойыншыларға түсетін салмақты азайтқым келеді. Бізді осы айдың 17-жұлдызында осы маусымның ең маңызды матчы күтіп тұрғанын білеміз, сондықтан көшбасшы ойыншыларымыздың сол кездесуге жоғары дайындықпен шыққанын қалаймыз», — деп ойынды қорытындылады қарсылас команданың бас бапкері Ростислав Вергун.
Енді «Астана» 11 сәуір күні Мәскеуде МБА командасына қарсы ойнайды. Ал одан кейін командамыз биылғы маусымның соңғы ойынында өз алаңында «Самараны» қабылдайд. Билеттер жақын арада сатылымға шығады.