Фотиос Такианос: «Соңғы ойындардағы басты міндет — қазақстандық баскетболшыларға мүмкіндік беру»

07.04.2024, 19:30    Оқылғаны: 1177
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос Екатеринбургтегі матчқа қатысты пікір білдірді. 

— Матчтың оңай болмайтынын білдік, өйткені қарсыласымыз мықты команда. Ойыншылардың матчқа деген ынтасына риза болдым. Әрине, біздің жағдайымыз күрделі, ойыншы жетіспей жатыр, әсіресе бесінші нөмірлі позицияда баскетболшы керек. Бізге кездесуді, оның ішінде допты алуды бақылауда ұстау қиынға түсуде. Оған бүгінгі ойында «Уралмаштың» допты 20 рет алғаны дәлел. Матч нәтижесіне шабуылдағы допты алу мен одан кейінгі маңызды үш ұпайлық соққылар әсер етті. 

Алда бірнеше ойын қалды, ондағы басты міндет — қазақстандық баскетболшыларға мүмкіндік беру. Дайындаламыз. «Уралмашты» жеңісімен құттықтаймын, алдағы ойындарда және плей-оффта сәттілік тілеймін. Сонымен қатар, өз командама алғысымды білдіремін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»