ВТБ Бірыңғай лигасы 2023/2024
Автодор
Саратов
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Екінші кезең
31.03.2024, 17:30 Жс
Арена: СС «Кристалл» (Саратов)
92:83
Негізгі уақыт
28:21 24:18 18:11 22:33
Ойын нөмірі:
Көрермен: 1815
Астана
Астана

«Автодорға» есе жібердік

31.03.2024, 19:30    Просмотров: 201
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы сырт алаңдағы ойындар сериясы аясындағы кезекті матчын өткізіп, Саратовтың «Автодорына» есе жіберді.

Командамыздың 83:92 есебімен жеңіліс тапқанына қарамастан, кездесу Маркелл Джонсон (39 ұпай, 11 пас, 7 допты алу) мен Карвел Андерсонның (30 ұпай) жарқын ойынымен есте қалды. 

Осылайша, «Астананың» қос ойыншысы матчта тарихи нәтижеге қол жеткізді. Маркелл мансабында алғаш рет бір ойында 39 ұпай олжалады. Сондай-ақ, ол осы маусымда нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен Лигадағы екінші ойыншы атанды (бұл көрсеткіште қараша айында «ПАРМА» командасымен ойында 42 ұпай иеленген Ксэвьер Ратэн-Мэйс көш басында). Сонымен қатар, Маркелл өз есебіне 57 ұпай жазып, тиімділік жөнінен турнир тарихындағы екінші үздік нәтижені тіркеді. Бұған дейін «Нижний Новгород» намысын қорғаған марқұм Стеван Еловац қана бұдан көп ұпай санын олжалай алған (64). 

«Соңғы ойындарда бірнеше рет жеңіліс таптық, сондықтан кездесу оңайға соққан жоқ. Маусымда алғаш рет аймақты қорғауға қарсы ойнадық. Алға қойған міндетті орындай алдық, көңілім толды. Осы қарқыннан таймай, келесі қарсыластарға дайындалу керек. Ойын соңында алаңға шыққан жастарға сенімді болдым. Олар жаттығуларда төккен терлерінің арқасында сенімімізге ие болды. Иә, әлі жас, әлі де ойындарын, баскетбол туралы түсініктерін жақсартулары керек. Бірақ, маған олардың өздері ойнамаса да, тәжірибелі баскетболшыларды қолдайтындары ұнайды. Олар команданың бір мүшесі болуға үйреніп жатыр, алдағы уақытта бұдан да көп мүмкіндік алады», — деп ойынды қорытындылады алаң иелерінің бас бапкері Миленко Богичевич. 

Енді Фотиос Такианос бастаған команда Астанаға қайта оралады. 4 сәуір күні астаналық клуб «Сарыарқа» велотрегі паркетінде «Рунаны» қабылдайды.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Кристалл»
Қала: Саратов Сайт: avtodor.ru

Сипаттамасы

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан, 1960 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013