Фотиос Такианос: «Матчтың соңғы секундына дейін жан-тәнімізді салып ойнадық»
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос «Автодормен» ойынды қорытындылады.
— Осы ойында да, өткен матчта да шетелдік баскетболшылар жетіспеді. Біз алты ойыншының орнына төрт баскетболшымен ойнап жүрміз, бұл — үлкен мәселе. Жағдайдың бір шешімін табуға тырысып жатырмыз, бірақ кейде бәрі қолыңнан келе бермейді.
Бүгінгі кездесудің соңғы секундына дейін жан-тәнімізді салып ойнағанымызды атап өткім келеді. Есеп айырмасын қысқарту үшін қорғаныста да, шабуылда да күрес жүргізіп, барымызды салдық.