ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
04.01.2023, 20:00 Ср
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
51:99
Негізгі уақыт
15:21 13:27 11:27 12:24
Ойын нөмірі:
Көрермен: 523
Самара
Самара

«Самарамен» ойнаймыз: матчқа превью

04.01.2023, 10:00    Просмотров: 725
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

Жаңа жылдық мерекелер артта қалды, бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында қаңтардағы үй сериясының алғашқы матчын өткізеді.

Бұл жолы Олег Киселев шәкірттерінің қарсыласы – «Самара». Біз бұл клубтың 1976 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Генрих Приматовтың бастамасымен сол кезде Куйбышев деп аталатын қалада құрылғанын айттық.  Басында команда «Құрылысшы» деп аталды.

2003 жылдан бастап «Самара» балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға баса назар аударды, ал 2012 жылдың жазында клуб кәсіби мәртебесін қайтарды. Команда екі рет Суперлига чемпионы атанды (2018/19 және 2020/21 жылдары) және екі рет Ресей Кубогін жеңіп алды (2019/20 және 2021/22). ВТБ Бірыңғай Лигасындағы бұл маусым клуб үшін дебют саналады.

Ойыншы ретінде «Астананың» бас бапкері Олег Киселев 1998/99 және 2000/02 маусымдарында «Самара» сапында өнер көрсетті. Ал 2006-2009 жылдары Ресей клубының бас бапкері «Астананың» бұрынғы бас директоры, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко болды.



Самара құрамында Маркос Найт сияқты білікті ойыншыны ерекше атап өткен жөн (әр ойынға орташа есеппен 16,1 ұпай, 4,9 рет допқа бірінгі жетіп, кездесу сайын 4 пас берген).

Қазақстандықтардың қарсыласы лиганың турнир кестесінде 6 жеңіс және 12 жеңіліспен 9-шы орында тұр, ал біздің командалар арасындағы алғашқы кездесу «Самараның» пайдасына 93:58 есебімен аяқталды.



Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, сағат 20:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Самараға» жол бердік

04.01.2023, 22:00    Просмотров: 496
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» 2023 жылдың бірінші матчын «Сарыарқа» велотрегінде өткізіп, «Самараны» қабылдады. 

Кездесу қонақтардың пайдасына 51:99 есебімен аяқталды.

«Самара» сапында Джеймс Эннис (19 ұпай), Маркос Найт (18 ұпай), Джордан Теодор (13 ұпай, 7 рет допқа жету, 6 пас) және Кей Си Риверс (13 ұпай) ерекшеленді. Қазақстандық командаға келетін болсақ, Даниил Аксеновты (16 ұпай) және Майкл Майерсті (13 ұпай, 7 рет допқа жету) атап өтуге болады. 
 

«Ойыншыларымды жеңісімен құттықтаймын. Бізде қиын кезеңдер болды, сондықтан сенімділік үшін өте жақсы жеңіс еді, үзілістен соң ойыншылар аздап демалды, желтоқсанның 22-не дейін біз төрт қана жаттығу жасадық. Бұл үлкен рөл атқарды деп үміттенемін. Ойыншылар матчқа байыпты қарады, ал екінші бөлікте айырмашылық едәуір болғанымен, толық жігермен жалғастырдық, бұл қуантады», — деді «Самараның» бас бапкері Сергей Базаревич ойыннан кейін.

Келесі матчты «Астана» 7 қаңтарда өткізеді, қазіргі чемпион – Санкт-Петербургтің «Зенитіне» қарсы ойнайды. Ойын сағат 15:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. 

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1977 Клубтық түстері: көк, қызыл сары
Мемлекет: Ресей Арена: «Спорт Сарайы» спорттық-концерттік кешені
Қала: Самара Сайт: https://bcsamara.com

Сипаттамасы

«Самара» – ресейдің кәсіби ерлер баскетбол клубы, Самара қаласынан, 1977 жылы құрылған.

Жетістіктері:,
  • FIBA кубогының иегері — 2007
  • Суперлига-1 жеңімпазы — 2018/2019, 2020/202
  • Ресей Кубогының жеңімпазы — 2019/2020, 2021/2022