Олег Киселев: «Қорғаныста тиісті энергия мен қатаң ойын болған жоқ»

04.01.2023, 22:30    Оқылғаны: 439
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев «Самарамен» матчтың нәтижесіне пікірін білдірді.

- Айтар нәрсе көп емес. Біз соққылардың нашар пайызын көрсеттік, бірақ бүгінгі қорғаныстағы нашар ойын – нағыз олқылық. Мұндай қарсыласпен, дәл осындай ойындарда қажет энергия мен қатаңдық болған жоқ. Ертең біз біраз нәрсені талдаймыз, уақыт аз, өйткені 7-де біз «Зенитпен» ойнаймыз. Сондықтан біз қорытынды жасаймыз және сенбіде басқаша көрінуге тырысамыз.

Қарсыласты жеңісімен құттықтағым келеді, олар жақсы ойнады. Олар қиын кезеңді өткерді, бірақ бүгін бір команда екенін көрсетті.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»