ВТБ Бірыңғай лигасы 2022/2023
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Бірінші кезең
13.10.2022, 20:00 Бс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
84:72
Негізгі уақыт
21:21 21:12 27:24 15:15
Ойын нөмірі:
Көрермен: 334
ПАРМА
Пермь

«ПАРМА-ПАРИМЕН» ойнаймыз: қарсыласты таныстырайық

13.10.2022, 10:00    Просмотров: 521
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін кешке «Астана» Пермь қаласының «ПАРМА-ПАРИІН» қабылдайды.
 
Клуб 2012 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде команда екі рет Ресей Кубогының иегері және тағы бір рет турнирдің қола жүлдегері атанды.
 
«ПАРМА» ВТБ-ның Бірыңғай лигасында 2016 жылдан бастап өнер көрсетеді және соңғы екі маусымда жарыстың ширек финалына жолдама алды.
 
Ағымдағы маусымды команда «Минскіні» жеңіп бастады, содан кейін қазіргі чемпион «Зенитке» матчтың екінші жартысында ғана жол берді.
 
Бүгінгі таңда «Астана» Пермь командасымен ойындарда өзық тұр – қазақстандықтардың еншісінде алты жеңіс (барлығы 923 ұпай) бар.
 
«Мүмкін, «Астана» мен «ПАРМА-ПАРИ» кездесуінде көбі қарсыластарымызды жақтайтын шығар. Біз олардың көңілін қалдыруға тырысамыз!»,- деді «Астананың» бас бапкері Олег Киселев.
 
Матч «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, басталуы сағат 20:00-де.
 
Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді.
 
«Астананы» қолдауға келіңіздер! Бізге сіздің қолдауыңыз өте қажет!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Үйдегі ойында «ПАРМА-ПАРИДІ» жеңдік!

13.10.2022, 22:00    Просмотров: 495
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымында көптен күткен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Елордада өткен Пермьнің «ПАРМА-ПАРИІНЕ» қарсы кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды — 84:72.

Қазақстандық команданың көшбасшылары Даниил Аксенов (18 ұпай, 7 мүмкіндіктен үш ұпайлық 4 доп), Майк Майерс (18 ұпай, 9 допқа бірінші жету, 8 айып добынан 6 сәтті орындау) және Валерий Лиходей (17 ұпай, 5 нәтижелі пас) болды.

Пермь сапынан Павел Антипов (19 ұпай, 6 допқа бірінші жету) және Малик Диме (10 ұпай, 8 допқа бірінші жету) ерекшеленді.

Осылайша, елордалық клуб жеке кездесулер статистикасында Пермь ұжымынан ұпай алшақтығын арттырды (7 жеңіс). Сонымен қатар, бүгінгі жеңіс «Астана» үшін 2020 жылдың желтоқсан айынан бері бірінші жеңіс болды.



«Астананың» бас бапкері — Олег Киселев:

«Жанкүйерлерді, басшылықты, ойыншыларды құттықтаймын. Біздің бүгінгі жеңісіміздің себепшісі – қорғаныс деп ойлаймын. Біз «ПАРМА-ПАРИДІ» зерттедік, оның күшті жақтарын анықтап, сонымен қатар шабуылға жақсы көңіл бөлдік. Бүгін сәтті қорғана білдік. Соңғы екі ойынға қатысты айтсақ, біз бүгін жеңгіміз келді. Тағы да барлығын жеңіспен құттықтаймын, әрі қарай жылжимыз. Біздің жеңісіміз мінберлердегі жанкүйерлердің одан да көп болуына серпін береді деп ойлаймын».

ПАРМА-ПАРИ командасының бас бапкері — Евгений Пашутин:

«Олар қорғаныста өте сылбыр ойнады, қарсыласына қашықтықтан шабуыл жасауға мүмкіндік берді, допқа таласта жеңіліп қалды. Лиходей мен Майерс қиын доптар соғып, «Астанаға» сенімділік сезінуге мүмкіндік берді, содан кейін мергендер периметрден шабуыл жасай бастады. Біз кеш жауап бердік, ұжымдық ойын, байланыс болмады. Бұл біз үшін маңызды сабақ».
 
 

Келесі матчты «Астана» сырт алаңда өткізеді. Ойын осы жексенбіде өтеді.

23 қазанда елордалық клуб «Сарыарқа» велотрегінде «Пари Нижний Новгородты» қабылдайды. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2012 Клубтық түстері: ақ, көк
Мемлекет: Ресей Арена: ӘСС «Молот»
Қала: Пермь Сайт: parmabasket.ru

Сипаттамасы

«ПАРМА-ПАРИ» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ФИБА Еуропа Кубогының төрттік финалының қатысушысы — 2021