Үйдегі ойында «ПАРМА-ПАРИДІ» жеңдік!

13.10.2022, 22:00    Оқылғаны: 612
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымында көптен күткен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Елордада өткен Пермьнің «ПАРМА-ПАРИІНЕ» қарсы кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды — 84:72.

Қазақстандық команданың көшбасшылары Даниил Аксенов (18 ұпай, 7 мүмкіндіктен үш ұпайлық 4 доп), Майк Майерс (18 ұпай, 9 допқа бірінші жету, 8 айып добынан 6 сәтті орындау) және Валерий Лиходей (17 ұпай, 5 нәтижелі пас) болды.

Пермь сапынан Павел Антипов (19 ұпай, 6 допқа бірінші жету) және Малик Диме (10 ұпай, 8 допқа бірінші жету) ерекшеленді.

Осылайша, елордалық клуб жеке кездесулер статистикасында Пермь ұжымынан ұпай алшақтығын арттырды (7 жеңіс). Сонымен қатар, бүгінгі жеңіс «Астана» үшін 2020 жылдың желтоқсан айынан бері бірінші жеңіс болды.



«Астананың» бас бапкері — Олег Киселев:

«Жанкүйерлерді, басшылықты, ойыншыларды құттықтаймын. Біздің бүгінгі жеңісіміздің себепшісі – қорғаныс деп ойлаймын. Біз «ПАРМА-ПАРИДІ» зерттедік, оның күшті жақтарын анықтап, сонымен қатар шабуылға жақсы көңіл бөлдік. Бүгін сәтті қорғана білдік. Соңғы екі ойынға қатысты айтсақ, біз бүгін жеңгіміз келді. Тағы да барлығын жеңіспен құттықтаймын, әрі қарай жылжимыз. Біздің жеңісіміз мінберлердегі жанкүйерлердің одан да көп болуына серпін береді деп ойлаймын».

ПАРМА-ПАРИ командасының бас бапкері — Евгений Пашутин:

«Олар қорғаныста өте сылбыр ойнады, қарсыласына қашықтықтан шабуыл жасауға мүмкіндік берді, допқа таласта жеңіліп қалды. Лиходей мен Майерс қиын доптар соғып, «Астанаға» сенімділік сезінуге мүмкіндік берді, содан кейін мергендер периметрден шабуыл жасай бастады. Біз кеш жауап бердік, ұжымдық ойын, байланыс болмады. Бұл біз үшін маңызды сабақ».
 
 

Келесі матчты «Астана» сырт алаңда өткізеді. Ойын осы жексенбіде өтеді.

23 қазанда елордалық клуб «Сарыарқа» велотрегінде «Пари Нижний Новгородты» қабылдайды. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»