Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы 2022
Астана
Астана
Қазақстан Кубогы, Тұрақты біріншілік
05.02.2022, 19:30 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
92:45
Негізгі уақыт
21:15 31:9 20:7 20:14.
Ойын нөмірі: 2
Көрермен: 0
Ақтөбе
Ақтөбе

«Астана» Қазақстан кубогы жеңімпазы мәртебесін қорғауды «Ақтөбе» командасымен бастайды

04.02.2022, 10:00    Просмотров: 133
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

5 ақпан күні Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында Қазақстан кубогы додасы басталады. Осы турнир аясындағы «Астана» баскетбол клубының бірінші қарсыласы «Ақтөбе» командасы болады. Матчтың басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларын өтінеміз.

«Ақтөбе»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының Жоғары лига жеңімпазы: 2018/2019


Баскетбольный клуб Актобе 2021/2022

Қызыл-ақ жейделілердің ресейлік ойыншылары, яғни Борис Назмутдинов пен Иван Белоусов кубок додасына қатыса алмайды. Ал Қазақстан ойыншылары арасындағы команда көшбасшысы – Антон Пономарев. Сонымен қатар, негізгі құрамда Александр Папшив, Константин Двирный, Василий Петришинец және Сергей Борматенков ойнайды. Сондай-ақ, Александр Евдокимов пен Богдан Лащты да атап өткен жөн.

Екі ұжым арасындағы, Ұлттық лига аясындағы, төрт матч та өткен жылдың соңында астанада өтіп, бәрі де біздің команданың айқын басымдығымен аяқталған.

Матчтар Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Ойынның онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қазақстан кубогын оныншы рет жеңіп алуға бекінген «Астана» әуелі «Ақтөбені» тізе бүктірді

06.02.2022, 10:00    Просмотров: 140
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы «Ақтөбеден» үстем түсіп, Қазақстан кубогы 2022 додасын ірі жеңіспен бастады. Бұл кездесуде біздің команда фаворит болып, екінші кезеңнен бастап Дарко Руссо жаттықтыратын жігіттеріміз өздерінің деңгейлері жоғары екендігін паш етті. Естеріңізге сала кетейік, Кубок жолындағы матчтарда барлық команда, оның ішінде, біздің клуб та, алаңға тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншыларын ғана шығара алады.

Бқл ойында есепті ақтөбеліктер ашып, бірден бес ұпай айырмасымен алға озды. Бізден бірінші болып, доп салған Рустам Мырзағалиев болды, ол екі айып соққысын мүлтіксіз орындап, одан кейін доға сыртынан мергендік танытып, есепті теңестірді. Николай Бажин салған екі доптан кейін сары-көкшіл жейделілер алға шықты. Ал бірінші кезеңнің ортасында біздің қоржынымызды тек Дмитрий Гаврилов толықтырумен болып, қатарынан алты ұпай еншіледі. «Грифондар» қуып жетуге тырысып, біздің жігіттерді алысқа ұзатқан жоқ. Руслан Айтқали мен Олег Балашов салған доптар сәл ғана басымдығымызды уысымыздан шығармауға жеткілікті болды. Рустам Мырзағалиев осы кезеңде ұпайлар еншілегендер тізімін түйіндеді. Сөйтіп, “Астана” алғашқы кезеңде басым түсті, есеп – 15:21. Екінші кезеңде Элен Шакираның командасы білгендерінен жаңыла бастады – доп лақтыруда көп қателік жіберіп, доптан жиі айырылып қалып отырды. Екінші кезеңдегі сегіз минутқа жуық уақыт бойы “Ақтөбе” соқыр ұпай да еншілей алмай, сергелдеңге түсті. Ал біздің наша команда болса, осы уақыт аралығында есеп айырмасын әжептәуір ұлғайтты. Доп салғандар: Олег Балашов, Рустам Мырзағалиев, Николай Бажин и Максим Марчук. Кезеңнің бел ортасына қарай біздің кэп үш ұпайлық екі соққысын дөп түсіріп, “Астаны” басымдығы жиырма ұпайға жетті. Бұдан кейін Вадим Щербак екі рет үш ұпайлық доп салып, Руслан Айтқали 2 ұпай еншіледі, ал Андрей Литвиненко “энд уан” орындады. Осыдан кейін екі команданың арасы 30 ұпайдан да асып кетті. Айтқали мен Щербак доға сыртынан тағы да бір доптан салды.  Бірақ бұдан кейін, кезеңнің аяғына дейінгі, екі жарым минутқа жуық уақыт бойы біздің команда доп сала алмай қойды. Есесіне, осы уақыт ішінде “Ақтөбе” біздің шығыршығымыздың құлпын ашып, қатарынан тоғыз ұпай еншіледі. Әйтсе де, “Астана” матчтың бірінші жартысында үстем түсіп, қарсыласынан екі еседен артық есепке озып кетті – 24:52.



Үлкен үзілістен оралған соң біздің сапымыздан Вадим Щербак, Роберт Пан және Николай Бажин доп салып, астаналық гандикап қайтадан отыз бес ұпайға жетті. Үшінші кезеңнің ортасына дейін команда қоржынын Николай Бажин мен Дмитрий Гаврилов толықтырды. Бірақ командалардың арасы сол күйі сақталып тұрды. Үшінші кезеңнің екінші жартысында астана ойыншылары Ақтөбе өкілдеріне қарағанда өз мүмкіндіктерін жиі жүзеге асырып отырды. Доп салғандар – Роберт Пан, Андрей Литвиненко және Дмитрий Гаврилов. Ал кезең соңында Вадим Щербак еншілеген екі ұпайдан кейін біздің басымдығымыз қырық ұпайлық межеден де асты – 31:72. Мұндай орасан зор басымдық біздің команданың жеңіске жететіндігін меңзеп тұрды. Әрі «Ақтөбенің» де мұндай есеп айырмасының есесін қайтаратын ешқандай мүмкіндігі болған жоқ. Әйтсе де, олар төртінші кезеңде дода көрігін қыздыра түсуге тырысты-ақ. Бірақ олардың барлық талпыныстарына біздің жігіттер лезде жауап қатып отырды. Рустам Мырзағалиев пен Руслан Айтқали өз еншілеріне тағы бір үш ұпайлық дәл соққылар қосып, одан соң Олег Балашов ақтөбеліктердің қорғанысын бұзып өтіп, доп салды. Вадим Щербак айып сызығынан да, ойын барысынан да мергендік танытты. Төтінші кезеңнің ортасына таман астана басымдығы елу ұпайды жуықтады. Соңғы бес минутта біздің команданың қоржынын толықтырған Роберт Пан болды. Ол екі рет шығыршық түбінен доп салды. Андрей Литвиненко үш ұпай еншілеп, матчтың қорытынды есебін түйіндеген сол Роберт Пан болды – 45:92.

Ең көп ұпай еншілегендер: 

  • «Астана» – біздің команда сапында ең көп ұпай жинаған Рустам Мырзағалиев болды – 19, әрі 2 рет допты тартып алды. Аса жоғары тиімділікпен көзге түскендер: Вадим Щербак – 17 ұпай, 5 рет доп қағып алып, 2 рет допты тартып алды және Роберт Пан — 10 ұпай, 16 рет доп қағып алды. Дмитрий Гавриловтың еншісінде – 10 ұпай, 9 рет доп қағып алды және блокшот. Руслан Айтқали 11 ұпай жинап, 2 рет доп қағып алды, 3 пас беріп, 2 рет допты тартып алды. Олег Балашов пас беруден үздік шықты – 6 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 8 пас, 3 рет допты тартып алды. Андрей Литвиненко 9 ұпай еншіледі. Николай Бажин 8 ұпай жинап, 4 рет доп қағып алды, 3 пас берді.
  • «Ақтөбе» – қарсыласымыздың сапында екі таңбалы санға тең ұпай жинаған жалғыз ойыншы – Василий Петришинец (10 ұпай, 4 рет доп қағып алды). Антон Пономарев 8 ұпай жинап, 6 рет доп қағып алды және 4 пас берді.


Салдары: “Астана” ел Кубогы додасын сәтті бастап, бірінші матчта жеңіске жетті. Сондай-ақ, “Атырау Барыстары” да турнирді жеңіспен бастап, “Каспий” командасынан басым түсті. Бірінші күнгі ойындардың қорытындысы бойынша біздің жігіттер атыраулықтардан доп айырмасымен озып тұр.
 


Келесі матч: Қазақстан кубогы додасындағы астана командасының екінші қарсыласы Ақтаудың «Каспий» командасы болады. Бұл ойын 6 ақпан күні астана уақытымен 19:30-да басталады. Ал осы матчқа дейін «Атырау Барыстары» мен «Тобыл» додаға түседі. Ойындардың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 2017 Клубтық түстері: ақ, қызыл
Мемлекет: Қазақстан Арена: СС «Қоныс»
Қала: Ақтөбе Сайт: https://www.instagram.com/bk_aqtobe

Сипаттамасы

«Ақтөбе» – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасының жеңімпазы – 2018/2019
  • Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасының қола жүлдегері – 2021/2022
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері – 2022

Команданың жалпы суреті

Ақтөбе