«Астана» баскетбол клубы Алматыда ВТБ Бірыңғай лигасы маусымындағы екінші ойынын өткізіп, Петербордың «Зенитін» қабылдайды. Матч жексенбі күні, 27 наурызда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 15:00-де. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылымға шықты.
«Зенит» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Санкт-Петербург қаласынан. 2014 жылы құрылған. Клубтың бас бапкері – Хавьер Паскуаль.
Жетістіктері:
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
«Астана» (3-11) осы матчқа дейін төрт рет қатарынан ұтылып, плей-офф аймағынан тыс қалып, 10-шы орынға ығысқан болатын. «Зенит» (12-4) бірінші орыннан үмітін үзбей, дода көрігін қыздырып жүр.
Бастапқы минуттар тең дәрежеде өрбіді. Бірақ петерборлықтар үшсекундтық аймақ арқылы ұпай қорларын молайта алатындықтарын көрсетті. Ал онда Джордан Мики мен Алекс Пойтресс өздеріне өте сенімді болды. Бірінші кезең бел ортасынан ауғанда, оларға қонақтардың қорғаушылары да қосылып, Сергей Карасев пен Джордан Лойд мергендіктерін паш ете бастады. «Зенит» кезеңнің екінші 5-минуттық бөлігінде көсіле сілтеп, 17:5 есебімен басым түсті де, екі таңбалы сан айырмасымен алға озды.
Екінші кезең біршама тиыш өтті. Көк-ақ-көгілдір жейделілер ойын тізгінін уыстарынан шығармай, есепті ұлайта түсті. Мики үлкен үзіліске дейін, ойын барысында 6 мүмкіндігін де мүлт жібермей, 14 ұпай еншіледі. Жалпы, ресейлік команда 2-ұпайлық мүмкіндіктерінің 80% жүзеге асырып, қара үзіп кетті. Есеп – 48:34.
Маңызды сәт: Шығыршық ауыстарған кейінгі 5 минутта «Зенит» матч тағдырын толықтай шешті. Жеңіс кілті сол ойын басындағыдай болды. Петерборлықтар қорғаныста сауатты ойнап, шабуылда сұрмергендері өзара тіл табыса білді (Карасев, Билли Бэрон) және Пойтресс – Мики дуэті құйындай орап соқты. Қонақтар үшінші кезеңнің ортасында 60:40 есебімен алға озып, ойын аяғына дейін айылдарын жиған жоқ.
«Зенит» (13-4) бүгінгі жеңісінен кейін 1-ші орынды өзара бөлісіп тұрған УНИКС (14-3) және ЦСКА (14-3) ұжымдарына мейілінше жақындай түсті. Ал «Астана» 8-орындағы «Енисейді» қуып жету мүмкіндігінен түпкілікті айырылды.
Көп ұпай жинағандар: Скайлар Спенсер (10 + 8 рет доп қағып алды), Рустам Мырзағалиев (10 + 6 пас), Антонио Кэмпбелл (5 + 7 рет доп қағып алды).
«Астананың» бас бапкері – Деян Парежанин:
— Бүгін біз намысты қолдан бермеуге тырысып, үшсекундтық аймақты бітеуге талпындық, бірақ бұл мүмкін болмады. Қорғаныста жаза басып, қонақтардың оңай соққылар орындауларына мүмкіндік беріп алдық. «Зенит» – тәжірибелі команда, біздің қателерімізді қалт жібермей, жазалап отырды. Алматы жанкүйерлеріне айтар алғысымыз шексіз, мұндай қызу қолдау көрсеткен көрермендер алдында ойнаудың өзі – бір ғанибет.
Әрі қарай: 30 наурызда, түзде «Локомотив-Кубань» клубымен ойнаймыз.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.