«Астана» Петербордың «Зенитін» Алматыда қабылдайды!

26.03.2022, 10:00    Оқылғаны: 341
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Алматыда ВТБ Бірыңғай лигасы маусымындағы екінші ойынын өткізіп, Петербордың «Зенитін» қабылдайды. Матч жексенбі күні, 27 наурызда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 15:00-де. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылымға шықты.

«Зенит»
 – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Санкт-Петербург қаласынан. 2014 жылы құрылған. Клубтың бас бапкері – Хавьер Паскуаль.

Жетістіктері:

  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2019/2020 
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018, 2019/2020
  • ВТБ Бірыңғай лигасы Суперкубогының күміс жүлдегері − 2021
  • Ресей Кубогының финалына шыққан – 2015/2016

Зенит баскетбол клубы 2021/2022

«Астана» мен «Зенит» өз тарихтарында 14 рет додаға түсті, екеуара кездесулерде негізінен петерборлық ұжым Қазақстан командасынан айласын асырып жүр. Жалпы есеп – 9:5. Әйтсе де, биылғы маусымның басында, екеуара соңғы матчта сары-көкшіл жейделілер Нева жағалауында жеңіске жетті.


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»