ВТБ Бірыңғай лигасы 2021/2022
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
20.03.2022, 20:00 Жс
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
61:84
Негізгі уақыт
16:12 20:23 14:19 11:30
Ойын нөмірі: RS-101
Көрермен: 0
Автодор
Саратов

«Астана» өз алаңында Саратовтың «Автодорымен» қарымта матч өткізеді

19.03.2022, 10:00    Просмотров: 181
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы елордада Саратовтың «Автодормын» ВТБ Бірыңғай лигасы маусымындағы екінші кездесуін өткізеді. Матч жексенбі күні, 20 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 15:00-де. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

Қымбатты астана жанкүйерлері, естеріңізге саламыз, 20 наурыз күнгі матч астанадағы соңғы ойын болады. «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы негізгі додасындағы келесі ойындарын (өз алаңындағы) Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткізеді. Оңтүстік астанадағы бірінші ойын 27 наурыз күні сағат 17:00-де болады. Ойынға кіретін онлайн-билеттерді сіздер тек Zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар.

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан. 1960 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013

Автодор баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

«Астана» Нұр-Сұлтанда өткен маусымның соңғы ойынында «Автодордан» ұтылды

21.03.2022, 10:00    Просмотров: 176
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

«Астана» (3-10) «Цмокиден» екі рет қатарынан ұтылып, турнир кестесінде 9-шы орынға сырғыған болатын. Ал «Автодор» (8-5) Қазақстан астанасына Австралияның «Тасмания» клубына жалға беріліп, содан оралған Никита Михайловскиймен келді.

«Автодор» Нұр-Сұлтанға тым ұзақ жол шегіп жетті – соның салдарынан матчтың басталуы 5 сағатқа кейін шегерілді. Содан болар, «Астана» ойынның басында ширақ көрінді: Руслан Айтқали мен Максим Марчук 7:0 есебімен тамаша серпіліс ұйымдастырды. «Автодор» қарсыласын ұзақ уақыт бойы қуып жетуге тырысумен болды. Әрі, тек кезеңнің бел ортасында ғана таразы басын өзіне қарай аудара алды – 11:9. Осы ойын бөлігіндегі маңызды сәттің бірі алаңға Никита Михайловскийдің шығуы болды: қорғаушы биылғы маусымдағы алғашқы ойынын бастап, алғашқы шабуылдарының бірінде нәтижелі пас берді.

Алайда, бірінші 10-минуттықтың соңында алаң иелері көсіле сілтеді. Антонио Кэмпбелл шабуылда қарқынын үдетіп, өз командасына осы кезеңде басым түсуге көмектесті – 16:12. Шабуылшы келесі кезеңде де көшбасшы ретінде көзге түсіп, «Астана» «+7» айырмасымен алда ойқастады. «Автодор» допты алыстан лақтырып, қуып жетуге тырысты. Мәселен, Павел Сергеев допты қақпақылдап әкеле жатып, 7 метр қашықтықтан үш ұпайлық соққысын шығыршыққа дәл түсірді, содан соң Александр Петенев доға сыртынан доп салды. Үлкен үзіліске санаулы секундтар қалғанда Никита Михайловский биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларын еншіледі. Бірақ бұл өз командасын алға шығаруға жетпеді. Матчтың бірінші жартысында «Астана» басым болды – 36:35.

Үлкен үзіліске дейін-ақ қонақтардың ойын тізгінін өз қолдарына ала бастағаны сезілген. Ал үшінші кезеңнің басындағы алғашқы шабуылдарының бірінді Джерон Джонсон ұзақ уақыт астаналықтардың ізіне түскен «Автодорды» алға шығарды. «Астана» таразы басын қайтадан өздеріне қарай аударғанымен, өздерінің ойын ырғақтарына тауып, бауырын жаза бастаған саратовтықтарды тоқтата алмады.

Волгалықтар Джонсон, Павел Сергеев және Антон Квитковских салған доптардың арқасында соңғы үзіліске 4 ұпай басымдықпен шықты. «Автодор» қорғаныста жылдамдығын күшейтіп, периметрді толық жауып, алаң иелерінің 10 минутта небәрі 14 ұпай ғана еншілеулеріне мүмкіндік берді.

Маңызды сәт: 4-ші кезеңде «Автодор» Қазақстан командасынан одан әрі ұзай түсті. Михайловский мен Минченко салған доптардан соң есеп айырмасы алғаш рет екі таңбалы санға жетті. Ал ойын нүктесін Евгений Минченко қойды. Орталық шеп ойыншысы әуелі 2 айып соққысын мүлтіксіз орындады, содан соң үш ұпайлық доп салып, есеп айырмасын 17 ұпайға дейін ұлғайтты – 57:74, ал ойынның аяқталуына әлі 5 минут бар еді. Жалпы, бұл ойын 61:84 есебімен аяқталды.

Скайлар Спенсер

Көп ұпай жинағандар: Антонио Кэмпбелл (11) және Руслан Айтқали (10).

«Астананың» бас бапкері міндетін атқарушы – Деян Парежанин: «Автодорды» жеңісімен құттықтаймын. Олар жақсы ойнады. Біз ойынның бірінші жартысында қорғаныста да, шабуылда да жанкештілік танытып, ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Бірақ үлкен үзілістен кейін бізге жігерлік жетіспеді, жиі қателесе бастадық. Біздің жылдам шабуыл ұйымдастыратын және оңай доптар салатын мүмкіндігіміз болмады. Алдағы уақытта жіберген ағаттықтарымыздың есесін қайтарамыз деп үміттенемін, біраө біз де уақыт та қалған жоқ. Әйтсе де, еңсе түсіруге болмайды, одан әрі тер төгеміз.

Әрі қарай: 27 наурызда, «Зенитпен» өз алаңымызда ойнаймыз.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1960 Клубтық түстері: ақ, қара
Мемлекет: Ресей Арена: СС «Кристалл»
Қала: Саратов Сайт: avtodor.ru

Сипаттамасы

«Автодор» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Саратов қаласынан, 1960 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 1993/1994, 1996/1997, 1997/1998, 1998/1999
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 1995/1996
  • Еуропа кубогының жартылай финалына шыққан – 1997/1998
  • А суперлигасының чемпионы – 1996/1997, 1997/1998
  • Б суперлигасының чемпионы – 2008/2009
  • Суперлига чемпионы – 2013/2014
  • Суперлиганың қола жүлдегері – 2012/2013

Команданың жалпы суреті

Автодор