«Астана» Нұр-Сұлтанда өткен маусымның соңғы ойынында «Автодордан» ұтылды

21.03.2022, 10:00    Оқылғаны: 177
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

«Астана» (3-10) «Цмокиден» екі рет қатарынан ұтылып, турнир кестесінде 9-шы орынға сырғыған болатын. Ал «Автодор» (8-5) Қазақстан астанасына Австралияның «Тасмания» клубына жалға беріліп, содан оралған Никита Михайловскиймен келді.

«Автодор» Нұр-Сұлтанға тым ұзақ жол шегіп жетті – соның салдарынан матчтың басталуы 5 сағатқа кейін шегерілді. Содан болар, «Астана» ойынның басында ширақ көрінді: Руслан Айтқали мен Максим Марчук 7:0 есебімен тамаша серпіліс ұйымдастырды. «Автодор» қарсыласын ұзақ уақыт бойы қуып жетуге тырысумен болды. Әрі, тек кезеңнің бел ортасында ғана таразы басын өзіне қарай аудара алды – 11:9. Осы ойын бөлігіндегі маңызды сәттің бірі алаңға Никита Михайловскийдің шығуы болды: қорғаушы биылғы маусымдағы алғашқы ойынын бастап, алғашқы шабуылдарының бірінде нәтижелі пас берді.

Алайда, бірінші 10-минуттықтың соңында алаң иелері көсіле сілтеді. Антонио Кэмпбелл шабуылда қарқынын үдетіп, өз командасына осы кезеңде басым түсуге көмектесті – 16:12. Шабуылшы келесі кезеңде де көшбасшы ретінде көзге түсіп, «Астана» «+7» айырмасымен алда ойқастады. «Автодор» допты алыстан лақтырып, қуып жетуге тырысты. Мәселен, Павел Сергеев допты қақпақылдап әкеле жатып, 7 метр қашықтықтан үш ұпайлық соққысын шығыршыққа дәл түсірді, содан соң Александр Петенев доға сыртынан доп салды. Үлкен үзіліске санаулы секундтар қалғанда Никита Михайловский биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларын еншіледі. Бірақ бұл өз командасын алға шығаруға жетпеді. Матчтың бірінші жартысында «Астана» басым болды – 36:35.

Үлкен үзіліске дейін-ақ қонақтардың ойын тізгінін өз қолдарына ала бастағаны сезілген. Ал үшінші кезеңнің басындағы алғашқы шабуылдарының бірінді Джерон Джонсон ұзақ уақыт астаналықтардың ізіне түскен «Автодорды» алға шығарды. «Астана» таразы басын қайтадан өздеріне қарай аударғанымен, өздерінің ойын ырғақтарына тауып, бауырын жаза бастаған саратовтықтарды тоқтата алмады.

Волгалықтар Джонсон, Павел Сергеев және Антон Квитковских салған доптардың арқасында соңғы үзіліске 4 ұпай басымдықпен шықты. «Автодор» қорғаныста жылдамдығын күшейтіп, периметрді толық жауып, алаң иелерінің 10 минутта небәрі 14 ұпай ғана еншілеулеріне мүмкіндік берді.

Маңызды сәт: 4-ші кезеңде «Автодор» Қазақстан командасынан одан әрі ұзай түсті. Михайловский мен Минченко салған доптардан соң есеп айырмасы алғаш рет екі таңбалы санға жетті. Ал ойын нүктесін Евгений Минченко қойды. Орталық шеп ойыншысы әуелі 2 айып соққысын мүлтіксіз орындады, содан соң үш ұпайлық доп салып, есеп айырмасын 17 ұпайға дейін ұлғайтты – 57:74, ал ойынның аяқталуына әлі 5 минут бар еді. Жалпы, бұл ойын 61:84 есебімен аяқталды.

Скайлар Спенсер

Көп ұпай жинағандар: Антонио Кэмпбелл (11) және Руслан Айтқали (10).

«Астананың» бас бапкері міндетін атқарушы – Деян Парежанин: «Автодорды» жеңісімен құттықтаймын. Олар жақсы ойнады. Біз ойынның бірінші жартысында қорғаныста да, шабуылда да жанкештілік танытып, ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Бірақ үлкен үзілістен кейін бізге жігерлік жетіспеді, жиі қателесе бастадық. Біздің жылдам шабуыл ұйымдастыратын және оңай доптар салатын мүмкіндігіміз болмады. Алдағы уақытта жіберген ағаттықтарымыздың есесін қайтарамыз деп үміттенемін, біраө біз де уақыт та қалған жоқ. Әйтсе де, еңсе түсіруге болмайды, одан әрі тер төгеміз.

Әрі қарай: 27 наурызда, «Зенитпен» өз алаңымызда ойнаймыз.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»